| 21.11.2007
«Қазпочта» АҚ Директорлар Кеңесінің кезекті мәжілісі
20 қарашада Алматыда «Қазпочта» АҚ Директорлар Кеңесінің кезекті мәжілісі өтті.
«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Д. Молдағалиев «Қазпочта» АҚ Басқармасының ай сайынғы есебімен 2007 жылдың 10 айы үшін Директорлар кеңесі мүшелерінің алдында есеп берді. Өз сөзінде ол «Қазпочта» АҚ Даму стратегиясы жөнінде, бюджет пен «Қазпочта» АҚ даму жоспарын қалыптастыру ұстанымдары, 10 ай ішінде бюджеттің іргелі салымдарының орындалуы жөнінде сөз етті. Сонымен бірге мәжілісте республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты игеру, ауылды жерлерді дамытуға, атап айтқанда, ауылдық пошта байланысы бөлімшелерін салу, ауылды жерлердегі пошта қызметкерлеріне еңбекақы төлеу мәселелері де көтерілді.
Директорлар кеңесі қарастырған кезекті мәселе логистикалық орталықты құру бойынша жұмыстар болды. Алматы сұрыптау орталығы Астана және Ақтөбе сұрыптау орталықтарымен бірдей «Қазпочта» АҚ пошталық логистикалық желісінің негізі болады және дистанционды сауда (Интернет сауда) бағдарламаларын іске асыру кезінде логистикалық орталық қызметін атқарады деп жоспарлануда.
Күн тәртібінде басқарушы персоналдың тиімділік көрсеткіштерін бекітуге арналған мәселелер де болды. «Самұрық» холдингі Қазпочта үшін бекіткен «Қазпочта» АҚ басқарушы персоналының жеке негізгі тиімділік көрсеткіштері Директорлар кеңесінің қарауына шығарылып, олармен мақұлданды.
Мәжілісте негізгі қызметінде шет елде пошталық айырбас қызметін атқаратын (ШЕАО) және Қазақстан Республикасында дистанционды сауда қызметін көрсететін Германияда бірлескен қазақ-неміс кәсіпорнының ашылу мәселесі де қаралды. Германиядағы 2004 жылдан бастап қызмет көрсететін «Қазпочта» АҚ өкілдігінің негізінде БК ашу жоспарлануда. Алғашқы кезде ШЕАО сәлемдемелік поштаны қабылдау, өңдеу, жөнелту және жеткізуге негізделеді. Ал 2009 жылдан бастап жазбаша хат-хабарламаларға да негізделеді. Германия рыногына шығудың негізгі себебі екі ел арасындағы тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынастар болып табылады. Тауар айырбасының жоғары деңгейі Германиядан ҚР-ға жеткізілетін пошталық жөнелтімдердің зор көлемінің үнемі болуын ұйғарады. Бұл қысқа уақыт ішінде бірлескен кәсіпорынды ұйымдастыру және ұстаумен байланысты шығындарды ақтауға және құрылатын компанияның жоғары рентабельділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
|