«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



27.11.2007

Көркем суретті маркалардың жаңа сериясы

27 қарашада «Қазпочта» АҚ пошта айналымына алғаш рет «Жылқының жасау-жабдықтары» атты жаңа сериядағы көркем суретті марканы шығарды.

Маркада салт жүріс кезінде қажетті әрі өнер туындысы болып табылатын керек-жарақтардың бірі ер бейнеленген.

Марканың пішіні 40 х 30 мм, таралымы 50 000 дана, перфорациясы жоталы, төрт бояулы офсетті баспада басылып шығарылды. Маркалар Пекиндегі пошталық төлем белгілері фабрикасында (ҚХР) басылып шықты. Суретші Данияр Мұхамеджанов.