«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



10.12.2007

Электронды сауданың алғашқы қадамдары

«Қазпочта» АҚ Алматы облысында электронды сауда технологиясын толық игеру мақсатында электронды сауда алаңы жүйесінің пилотты жобасын жүзеге асырмақшы. Толық қызмет көрсетуді электронды сауда алаңы 2008 жылы іске асырмақшы. Электронды сауда алаңының сайты: www.postmarket.kz

Айтылған жоба еліміздің Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша іске асырылуда. Жоба аясында барлық ауылдық пошта байланысы бөлімдерінде электронды сауда жүйесін енгізу үшін Интернеттендіру бойынша іс-шаралар жобасы құрастырылды.

2007 жылдың тамызында «Қазпочта» АҚ электронды сауда алаңын ендіру бойынша жұмыстарды бастаған еді. Электронды сауда алаңы жүйесі тапсырыс берушілер, жеткізушілер мен сауда бойынша әріптестер үшін электронды қызметтер кешенін көрсету әрі Business-to-Business (B2B), Person-to-Person (P2P) және Business-to-Consumer (B2C) ортасы үшін қарапайым онлайн саудадан электронды сатып алу жүйелеріне дейін сатып алу мен өткізу арналарын басқаруды қоса, электронды бизнестің бизнес үрдістерін автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін арналған.

Электронды сауда алаңы жүйесін ұйымдастыру кезінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтерді екіге бөлу – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді негізде көрсетілетін (B2B мен B2C ұстанымдарын іске асыру) қызметтер мен тауарлар және қысқа мерзімді негізде (P2P ұстанымын іске асыру) жеке тұлғалармен ұсынылатын тауарлар мен қызметтер. Мұндай бөлу «сату алаңында» қорғалған қызметтер мен тауарларды сату механизмін құруға мүмкіндік бере отырып, «базар» алаңында сатушы-сатып алушы қарым-қатынастары үрдісін жеңілдетеді.

«Қазпочта» АҚ-ның пошта жөнелтімдерін тасымалдау мен жеткізудің зор мүмкіндіктерімен қосылған ЭСА қызметтері бизнес үшін шегі жоқ потенциал ұсынады деуге болады.

Электронды сауда алаңында ақпаратты үнемі жаңартып отыру мен толықтыру ұйғарылады. Сонымен бірге ыңғайлы іздеу жүйесін құрастыру және жарнамалық кампаниялар мен акциялар өткізу жоспарланған.