«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



13.12.2007

Үш жаңа байланыс бөлімшесі ашылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің кезекті жылдығына орай «Қазпочта» АҚ ҚР аумағында Ақтөбе облысы Бестамақ ауылында, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауылында және Қостанай облысы Аманқарағай ауылында үш жаңа салынған ауылдық пошта байланысы бөлімдерін (АПББ), сонымен бірге екі аудандық байланыс тораптары (АПБТ) мен Өскемен қаласындағы бір қалалық пошта бөлімін күрделі жөндеуден өткізіп қайта ашпақшы. 2007 жылы бүкіл республика бойынша барлығы 111 ауылдық пошта баланысы бөлімдері салынды. Келесі жылы компания 272 ауылдық пошта бөлімдерін салып бітіруді жоспарлауда.

Бүінгі күні «Қазпочта» АҚ бүкіл республиканы қамтитын 2 500-ден астам ауылдық, 700-ден астам қалалық пошта байланысы бөлімшесі бар кең пошта желісіне ие. Соңғы жылдары «Қазпочта» АҚ Ауылдық жерлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылды дамытуға зор көңіл бөліп, тек пошталық емес, сонымен бірге қаржылық қызметтер спектрі көрсетілетін байланыс бөлімдерін жаңартуда.

Пошта байланысы объектілерін салу республикалық бюджеттен және «Қазпочта» АҚ-ның өз қаражатынан қаржыландырылады. 2006 жылы компания 4 АПББ салуды қаржыландырып, жаңа заманға сай пошта байланысы бөлімшесінің тұсаукесері Алматы облысы Іле ауданы Покровка ауылында өтті.

Сонымен бірге Алматы облысында ауылдық байланыс бөлімшелерінде тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарын орналастыру пилотты жобасы іске асырылды. Қазіргі кезде 3 халыққа қызмет көрсету орталығы – Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында ашылып, облыстың елді мекендерінде тағы 17 орталық ашу жұмыстары аяқталуда.

Қазір қазақстандық поштада қызмет түрлерін сапалы түрде көрсету мен поштаны жаңарту үрдісдері жүруде, бұл қызметті жақсартумен ғана шектелмей, пошта байланысы бөлімшелерінің кескінін жақсартуға бағытталған. Байланыс бөлімшелері соңғы компьютерлермен, сапалы телефон байланысымен, өрт сөндіруші, күзет ескертулерімен жабдықталып, операциялық зал, Интернет аймағы, сұрыптау және сақтау орындарымен қамтылған.