«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



29.12.2007

«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Молдағалиевтің Жаңа жылдық құттықтау сөзі

Құрметті әріптестер!

Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында жыл бойында өткен айрықша мәнді оқиғаларды еске алып, жыл қорытындыларын шығарайық. 2007 жылы іске асырылған іс-шаралардың қайсысы қазақстандық поштаның болашағына үлесін қосты? Клиенттер мен компанияның қызметкерлеріне қандай оқиға аса зор әсер етті? Бүгін осындай мәнді оқиғалардың ең қомақты дегендеріне тоқталып өтсек деймін.

Басты жетістіктердің бірі – «EMS-Kazpost» қызметі Дүниежүзілік пошта одағы EMS кооперативі сертификациялау жүйесінің «қола» деңгейіне қол жеткізді. Бұл алғашқы қадам әрі бұның болашағы зор. Және біз барлық қызмет көрсету деңгейін үнемі жетілдіруге тырысамыз.

Осы жылдың шілдесінде «Қазпочта» АҚ-да сапа менеджменті жүйесін енгізу кезеңі басталды. Орталық аппарат пен «пилотты аймақ» филиалдары сертификаттау алдындағы аудиттен сәтті өтті. Қараша айында «Русский регистр» сертификаттау бойынша өкілетті ассоциациясы сертификаттау аудитін өткізіп, «Қазпочта» АҚ сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттар талаптарына сай екендігін растады. Қазпочта әлемнің 130-дан астам мемлекеттерінде күші бар IQNet халықаралық сертификаттау органының сертификатын алды.

«Қазпочта» АҚ барлық қызметкерлерін біздің компания өміріндегі ғана емес, сонымен бірге бүкіл республика үшін мұндай маңызды оқиғалармен шын жүректен құттықтаймын!

2007 жылы Қазпочта Қазақстанның әрбір қалаған азаматы дербес компьютерді рыноктық бағадан әлдеқайда төмен соммаға дербес компьютерді сатып алуға мүмкіндік беретін «Ашық әлем» сияқты жаңа жобаларды жүзеге асыруға қатысты. Жақын арада электронды сауда алаңы жүйесі іске қосылды. Оның негізгі міндеті – тапсырыс берушілер, жеткізушілер мен сауда әріптестеріне электронды қызметтер кешенін көрсету. 45 ауылдық пошта байланысы бөлімшелерінде Интернет жүйесіне қоғамдық қосылу пункттері ашылды.

Ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында бүкіл республика бойынша жаңа буын бөлімшелерін салу, пошталық офистерді күрделі жөндеуден өткізу белсенді жүргізілуде.

Бұл жетістіктердің бәрі – бүкіл «Қазпочта» АҚ ұжымының үйлесімді еңбегінің нәтижесі. Компанияның дамуына өз үлесін қосқан әрбір пошташыға алғыс білдіремін.

Жаңа жыл қарсаңында уақытты аса қатты сезінеміз. Қазір біз қазақстандық поштаның уақытпен бірге дамып, стандарттар мен талаптарға сай келетінін түсінеміз.

Сіздердің қастарыңызда қашанда жақындарыңыз бен достарыңыз болсын! Шаңырақтарыңызда түсіністік пен махаббат, амандық билік етсін! Жаңа жыл құтты болсын!