«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



10.01.2008

«Қазпочта» АҚ-ның 15-жылдығына орай РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПОШТА ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІН» атты әдеби-танымдық байқау туралы жариялайды

Ең үздік әдеби шығарма байқауы 2008 жылдың 15 қаңтарынан 15 наурызына дейін келесі номинациялар бойынша өтеді:

Балалар жұмысы – қатысушылардың жасы 5-тен 12-ге дейін:

• I орын – VIP-альбом,

• II орын – маркалар кляссері,

• III орын – маркалар буклеті.

Жастар жұмысы – қатысушылардың жасы 13-тен и18-ге дейін:

• I орын – VIP-альбом,

• II орын – маркалар кляссері,

• III орын – маркалар буклеті.

Байқаудың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері алған орнына қарамастан құрмет грамоталарылармен және кәдесыйлармен марапатталады.

Байқаудың қорытындысын шығару, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жариялау және марапаттау 2008 жылдың сәуірінде өтеді.

Байқаудың шарттары

Байқауға қатысу үшін А4 пішіміндегі қағазда орындалған жазба жұмыстары (өлеңдер, шығармалар мен басқа да шығармашылық туындылар) қабылданады.

Алғашқы бетте автордың толық аты-жөні (баспа қаріптерімен), оқу немесе жұмыс орны, жасы, толық пошталық мекен-жайы (индекспен бірге), байланыс телефондары жазылуы қажет.

Жұмыстар «Мен қазақстандық пошта туралы не білемін» байқауына» деген белгімен мына мекен-жайға жіберілуі керек: 050012, «Қазпочта» АҚ, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 152.

Жеңімпаздардың жұмыстары «Қазпочта» АҚ-ның сайтында орналастырылады: www.kazpost.kz

Байқау шарттарымен толығырақ www.kazpost.kz. web-сайтында танысуға болады.

Қосымша ақпаратты Алматы қаласында мына телефон бойынша алуға болады: (727) 259-06-71.