«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



07.02.2008

Қазпочта жарқын балалық шақ үшін

Мерейлі жылды атап өту аясында «Қазпочта» акционерлік қоғамы басшылығы Қазақстанның 16 балалар үйінде қайырымдылық акцияларын өткізу шешімін қабылдап, үстіміздегі жылды Қайырымдылық жылы мен балаларды қолдау жылы деп жариялады.

Алматы қаласының №2 балалар интернат үйінде пошташылардың тәрбиеленушілермен кездесуі өтті. «Алматы почтамты» Алматы филиалы директоры Дастан Үкібаев басшылық атынан ойыншықтар, кітаптар, тәттілер, ескерткіштер мен арнайы дайындалған мерекелік тортты ұсынды. Соңғысы балаларды аса қуантты.

Қазақстан поштасының жетекшісі Дәурен Молдағалиев балалардың алдына сәлемдеме сөзбен шығып, Қоғамның 15 жылдығын атап өту аясында іске асырылмақшы іс-шаралар туралы сөз қозғады. Ол Қазақстанның болашағы болып табылатын балаларға көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық жұмыстарын жүргізу Компанияның өмірінде маңызды орын алатынын ерекше атап өтті.

Пошта саласының 15-жылдығына орай өткізілген «Мен қазақстандық пошта туралы не білемін» атты суреттер байқауына балалар белсенді қатысты. Байқау стендте орналасқан көптеген жұмыстарды ұсынған дарынды балаларды бірден анықтады. Байқау қорытындылары анықтаған жеңімпаздарға кәдесыйлар мен сыйлықтар тарту етілді. Енді бұл суреттер Алматы почтамтында өз орнын табады. Мұнда әрбір адам балалардың пошта туралы не білетінін көре алады.

Балалар үшін ұйымдастырылған екінші викторина байқауы пошта тақырыбындағы он сұрақтан тұрды. Сұрақтарға залда жиналған барлық дерлік балалар белсенді түрде жан-жақтан жауап қатып отырды. Дұрыс жауаптар үшін сыйлықтар тартылды.

Балалар үйінің мақтанышы болып табылатын оқу озаттары да арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Интернатқа сыйлық ретінде соңғы фильмдері бар DVD плеер, кассеталары бар видеоплеер және кітапханаға энциклопедиялар тарту етілді.

Бұл күні бірде бір бала сыйлықсыз қалған жоқ, бәріне де ойыншықтар, тәттілер, ал ең бастысы шынайы көңіл бөлінді.