|
08.02.2008
Қазпочта: 15 жыл ел тәуелсіздігіне теңелу
Бұл мерейтой қызықты өтпекші: «Қазпочта» өзінің 15-жылдығын атап өтуіне орай Алматы почтамты ғимаратында республикалық пошта мұражайын ашатыны туралы алдын ала мәлім еткен еді. Бұған қоса, почтамт жанындағы саябақта пошталық тақырыпта аллея салынбақшы.
Бұл көпшілік жамағат үшін, ал қазақстандық пошташылар ұжымы үшін кезекті мерейтой - өткенді сараптап, болашаққа көз жүгіртудің тағы бір себебі. Қазақстан пошта саласының жүріп өткен жолы мен болашағы туралы «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Д.Молдағалиевпен сөз қозғадық.
- Дәурен Тұманбайұлы, егемен Қазақстанның пошта саласының жетілуі мен еліміздің дамуы жолында ортақ жайттар аз емес. Екеуі де алғашқы кезде қиын кезеңді бастан кешірді, сонда да қиыншылықтардан барынша аз шығынмен лайықты түрде өтіп, бүкіл әлемге өзінің бар екендігі туралы бар дауыспен жарияладық, солай емес пе?
- Иә, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, бүкіл елге іспеттес, қазақстандық поштаға да оңай болған жоқ. Бар уақытта, әсіресе ауылды жерлерде, көптеген әлеуметтік міндеттерді атқарып келген пошта саласы шығынды болғанымен, табыс әкелетін электр байланысымен бір байламда өмір сүрген еді. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі «ҚР байланыс саласының басқару құрылымын жетілдіру туралы» қаулысына сәйкес, электр байланысы мен пошта екіге бөлінді. 1995 жылдың қарашасында Мемлекеттік пошта дербес шаруашылық субъекті Пошта байланысының республикалық мемлекеттік кәсіпорнына айналды. 1999 жылғы 27 мамырдағы ҚР Үкіметі «Пошта саласын тұрақтандыру мен қаржылық жақсарту шаралары туралы» қаулысын қабылдағаннан кейін, 1999 жылдың жазында поштаны іргелі реформалау басталды. Пошта саласының одан әрі дамуын анықтаған негізгі құжат ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы «Пошта байланысының республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» қаулы болды. Оның негізінде ПБРМК жарғылық капиталындағы 100% мемлекеттің қатысуымен «Қазпочта» ашық акционерлік қоғамына айналды.
Ол жалпы капиталы 903,66 млн. теңге болып ресімделді. Акционерлеу, жоспарланғандай, салаға өндірістік және жоспарлық-экономикалық қызметте аймақтық желіні дамыту мен жаңарту үшін инвестицияларды тартуда дербестілік берді. Мен жоғарыда атап өткен, қоғамның алғашқы жарғылық капиталы тек ғимараттар мен құрал-жабдықтар түрінде болған еді. 1993 жылдан 2000 жылға дейінгі аралықта ПБРМК-ның жинақтаушы зейнетақы қорлары алдындағы және жалақы мен салық бойынша жалпы қарызы 140 миллион теңгені құрады. Аталған жағдай пошта саласының қаржылық жағдайын одан әрі қиындата түсті. Өткен жылдардан жиналған шығындардың соммасы 250,6 млн. теңгеге дейін жетті.
- Сізден бұрын сіздің қызметіңізді атқарғандарға оңай болған жоқ сияқты...
- Иә, пошта саласын сол кездері басқарғандар дұрыс шешім қабылдағаны айдай анық. Ол поштаның ел ішінде ерекше сенімге ие болғанына негізделген еді. Бұл, әсіресе, ауылды жерлерге тән. Көптеген ауылдарда бүкіл мәдениеттіліктің орталығы болып табылатын қарапайым ғана пошта байланысы бөлімшесі – ылғи да жиынды жер. Мұнда әлемде, ауылдың өзінде не болып жатқаны жөнінде толық хабардар болуға болады. Бұл жерге ақша аударымдарын, хаттар, сәлемдемелер мен бандерольдерді жөнелту мен алу үшін келеді. Пошташы үйден үйге гәзет-журналдар мен басқа да хат-хабарларды, өздері келіп ала алмайтындарға зейнетақы мен жәрдемақыны, жақын туған-туысқандардан келген хаттар мен телеграммаларды жеткізуші болғандықтан, ауылдастар оны, тіпті, отбасы мүшесі ретінде қабылдайтын.
Пошта саласына, қайта құру жылдары жоғалған, аталған «халықтық өкілеттікті» қайтаруға үкімет қабылдаған бірқатар шешімдер көмектесті. Атап айтсақ, 1999 жылғы 27 мамырдағы «Қазақстан Республикасы пошта саласын тұрақтандыру мен қаржылық жақсарту шаралары туралы» және 2000 жылғы 15 қарашадағы «2000-2003 жылдарға Қазақстан Республикасы пошта саласын дамыту және пошта-жинақ жүйесін құрастыру бағдарламасы туралы» қаулылар саланың одан әрі дамуының негізгі басымдықтарын анықтады. 2000-2003 жылдарға пошта саласын дамыту және пошта-жинақ жүйесін құрастыру бағдарламасы Қазақстанда пошта байланысы бөлімшелерінің жеке желілері негізінде пошта-жинақ жүйесін құрудың алғышарты болды. Бұны іске асыру үшін қаржыландыру көзі ретінде, мемлекеттік кепіл негізінде, Ислам даму банкінің 9 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қарызы, 1413 млн. теңге көлемінде ішкі облигациялар шығару және ел Үкіметінің компания жарғылық капиталын көбейтуі қолданылды. Қазақстан ТМД аумағындағы пошта-жинақ жүйесін құрастырған алғашқы мемлекет болды. Әрі бүгінгі күнге дейін мұндай жүйені енгізген бірден-бір ел болып табылады! «Қазпочта» АҚ-ның толыққанды пошта-жинақ жүйесін құру бойынша жасалған әрекеттерінің нәтижелері Байланыс саласындағы аймақтық достастықпен (БАД) сәтті деп танылды. Бұл ұйым 1991 жылдың желтоқсанында Достастық елдерінің байланыс әкімшіліктері бастықтарымен желілер мен байланыс құралдарын дамытуды үйлестіру және пошталық технологияларды рыноктық жағдайларға бейімдеу мақсатында құрылып, бүгінгі күні біздің қызмет аясында ең беделді сарапшы болып табылады. БАД осы жылдардың ішінде халықаралық деңгейде танымал болып, Халықаралық электр байланысы одағы мен Дүниежүзілік пошта одағының бақылаушысы мәртебесіне қол жеткізді. Ал қазақстандық пошташылардың жетістіктері 2005 жылы Астана қаласында өткен БАД Комиссиясының пошта байланысы жөніндегі 19 мәжілісінде БАД пошта байланысы бойынша операторлар кеңесі төрағасы болып «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының сайлануында көрініс тапты. 1992 жылдан бастап Қазақстан бүгінгі күні 193 мемлекетті біріктіретін Дүниежүзілік пошта одағының толыққанды мүшесі болып табылады.
Қазпочтаның материалдық-техникалық негізін жаңарту мақсатында компания жарғылық капиталын толықтыруға республикалық бюджеттен 2002 жылы 643,1 млн. теңге, 2004 жылы – 400 млн. теңге бөлінді. Келесі жылдары да мемлекет егемен еліміздің пошта саласына жан-жақты қамқорлық көрсетті. Пошта-жинақ жүйесінің одан әрі дамуын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазанындағы Пошта-жинақ жүйесінің 2005-2010 жылдарға даму бағдарламасы туралы қаулысы анықтады. Ол республикалық бюджет қаражатынан АҚ жарғылық капиталын толықтыруға 2005-2007 жылдары 5 778,4 млн. теңге бөлу арқылы жүзеге асырылды.
Нәтижесінде қазақстандық пошта дәстүрлі пошталық қызметтерден басқа уақыт талабына сай жаңа қызмет түрлерін де игерді. Олар – ақша-айырбас операциялары, халықтан депозиттерді қабылдау мен тартылған қаражатты мемлекеттік құнды қағаздарға орналастыру, инкассация, ақша тасымалдау мен құнды қағаздар, зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары клиенттерін тарту мен келісімдерді жасасу үшін брокерлік және трансфер-агенттік қызметтер. Республиканың байланыс бөлімшелерінде халықаралық жедел пошта, электронды пошта сияқты қазіргі заманғы коммуникациялар орын тапты.
- Осыдан кейін пошта қайтадан ел ішінде бұрынғыдай сұранысқа ие болды дейсіз ғой...
- Бұл айдай анық сияқты, халық бүгінгі күні байланыс бөлімшелеріне түрлі себептермен келеді – коммуналдық төлемдерді төлеу, алған несие үшін төлемді жүзеге асыру, депозиттік шотты толықтыру және т.б. Пошта саласын осылай реформалау тиімділігін біздің акционерлік қоғамның тұрақты дамуы растайды. Бұл табыс пен компанияның қаржылық нәтижелерінің өсуінде көрініс табады. Осылай, 2007 жылы Қазпочтаның жалпы табысы 1993 жылғы 43,3 млн. теңгеден 14 620,5 млн. теңгеге, яғни 336,5 есе өсті! Осы уақыт аралығында таза табыс 11 есе өсті, яғни 1993 жылғы компанияның 31 100 мың теңге шығынынан өткен жылғы 290 100 мың теңге табысына дейінгі көрсеткіштер.
- Бүгінгі таңда «Қазпочта» АҚ дегеніміз не?
- Бүгінгі күні қазақстандық пошта - 21 000-ға жуық қызметкер, бүкіл ел аумағын қамтитын 3400-ден астам байланыс бөлімшелерінен тұратын күрделі кешен. 14 облыстық және республикалық мәні бар 4 филиал (пошта тасымалдау – Астана және Алматы қалаларында 2 бөлімше, Почтажабдықтау және Республикалық арнайы байланыс қызметі, соңғысы жедел EMS-жөнелтімдерін жеткізумен де айналысады), Алматы және Астана қалаларында екі почтамт қызмет етеді. Сонымен қатар, Қазпочта ТМД аумағында Ресей мен Германияда өз өкілеттігі бар бірден-бір пошта операторы болып табылады.
2003 жылдың өзінде-ақ біз «Дойче постпен» «консигнация» жүйесі бойынша топтастырылған пошталық жөнелтімдерді айырбастау жөнінде келісім жасасқан едік. Біз бұл шарттың негізінде шетел сәлемдемелік сауда компанияларымен келісімдерге қол жеткіздік. Аталған бағыт дамуының жалғасы үстіміздегі жылдың бірінші ақпанында неміс әріптестермен бірлескен ГФР заңдарына сәйкес лицензия алған логистика, каталогтік сауда, Германиядан Қазақстанға бағытталған пошталық хат-хабарларды жинау мен жөнелту міндеттерін атқаратын «Kazpost GmbH» кәсіпорнын ашу болды.
Жуырда іске асырылған жобалардың бірі - есеп-шоттар, банктік және зейнетақы көшірмелері мен т.б. кез-келген құжаттарды басып шығару, оларды конверттеу мен таратуға дайындау сияқты ақпараттық логистикалық қызметтер жиынтығын көрсететін «Электронпост.KZ» кәсіпорнының ашылуы. Бұл жоба эстондық «Ээсти Электронпост» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асырылды. Осы жоба шеңберінде мамандандырылған кәсіпорын құрылып, сәйкес жабдықтар сатып алынды. Эстондықтар бізді технологиямен қамтамасыз етті, жаңа кәсіпорынның мамандары Эстония мен Финляндияда оқытылып, даярланды.
Поштаның іске асыратын тағы бір айтарлықтай жобасы - «Kazcard» төлем карточкаларын шығару. Бүгінгі күнде компанияның 17 000 қызметкері осы карточканың ұстаушылары болып табылады. Өткен жылдың желтоқсан айында «Қазпочта» АҚ Visa International халықаралық төлем жүйесі қауымдастығы мүшесі мәртебесіне ие болғандықтан, жуырда біз қызмет тұтынушыларына кең мүмкіндіктер беретін Visa «Қазпочта» АҚ карточкаларын белсенді түрде шығаруға кіріспекпіз.
2006 жылдың мамыр айында Қазпочта құнды қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін лицензия алып, қазіргі кезде осы нарықта өз қызметін белсенді дамытуда. Бүгінгі күні Алматы қаласының Аймақтық орталығы алаңында құнды қағаздар мен операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін «Kazpost Securities» жобасы іске асырылуда. Біз осы бағытта сәтті тәжірибеге иеміз. «Самұрық» холдингі тапсырмасы бойынша, қазіргі кезде біз осы холдингке кіреміз, Қазпочтаның трансфер-агенттік пункттерінде «Қазақтелеком» АҚ мемлекеттік қарапайым бағалы қағаздар пакеттерінің 4,6% мөлшері сәтті сатылды. Аймақтарда инвесторлар тұрғылықты жерден акцияларды сатып алу мәмілелерін ресімдеу мүмкіндігіне ие болды. Бұл, әрине, лайықты бағаланды.
- Дәурен Тұманбайұлы, Қазақстан пошта саласының келешегін қалай көресіз?
- Пошта нарығына жөнге салынған логистика және дамыған инфрақұрылыммен қаруланған халықаралық пошта операторларының келуіне байланысты өскен бәсекелестіктің қарқыны бізді өз деңгейімізді мықтап ұстауға мәжбүрлейді. Материалдық-техникалық негізді жетілдіру мен заманға сай технологияларды ендіруді қажет ететін ұлттық пошта операторы ұстанымын одан әрі нығайту қажеттілігі тууда. Осыған байланысты пошта инфрақұрылымының жетілуі мен жаңғыртылуына мүмкіндік беретін қаржы салым жобаларының өркендеуі компания қызметін жоспарлауда негізгі элемент болып табылады. Алдағы 4-6 жылда біз негізгі қаржы салымын дамыған және бәсекеге қабілетті пошта инфрақұрылымын құруға бағыттауға бел будық. Біз 2008-2010 жылдарға күрделі салымның мөлшерін 30,5 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлаудамыз. Бұл қаржы ауылдық пошта байланысы бөлімшелерін салу мен жабдықтау, Интернет жүйесіне көпшілік қолжетімдік пункттерін ұйымдастыру, пошта-логистикалық және сұрыптау орталықтарын құру, орталықтандырылған ақпараттық-логистикалық жүйені құру, ақпараттық жүйені жетілдіру; компьютерлік, банктік және пошталық жабдықтарды жаңартуға жұмсалатын болады. Мұның нәтижесі пошта-сұрыптау инфрақұрылымын, ақпараттық жүйені жаңарту, пошта айырбас сапасын көтеру және қызмет сату бойынша Интернет-технологияларды ендіру болмақ.
Бұл Қазақстан үшін теңдесі жоқ жоба болмақшы, өйткені бұл коммерциялық қызмет, материалдық, ақпараттық, қаржылық ағындарды басқару мен сәйкесінше қорлар, қоймалық шаруашылық пен көлікті бір жүйеге келтіріп, аталған салалардың интеграциясын қалайды. Біздің ойымызша, осындай жобалар еліміздің пошта саласының бәсекеге қабіліеттігін арттырып қана қоймай, тәуелсіз Қазақстанның даму басымдықтарына барынша сәйкес келеді.
|