| 25.03.2008
Туғанбай ауылында жаңа ПББ ашылды
22 наурызда «Қазпочта» АҚ Алматы облысы Талғар ауданының Нұрын ауылдық округі Туғанбай ауылында бүкіл халықтық Наурыз мейрамына орай қазіргі заманға сай салынып жабдықталған почта байланысының жаңа бөлімшесінің салтанатты ашылу рәсімін өткізбек.
Бүгінгі таңда «Қазпочта» АҚ бүкіл республиканы қамтитын 3 500-ден астам байланыс бөлімшелері бар кең почталық желіге ие. Соңғы кездері Қазпочта ауылдық елдімекендердің дамуына зор үлес қосуда, почталық қызметтермен қатар қаржылық және агенттік қызметтер көрсетілетін ауылдық почта бөлімшелерін жаңғыртуда.
Сапалы қызмет түрлерін көрсету сервистің жақсаруын ғана білдірмейді, сонымен қатар, почта бөлімшелері келбетінің өзгеруін де қалайды. Осылайша, Туғанбай ауылында ашылатын жаңа байланыс бөлімшесі заманға сай жабдықталған – яғни түгелдей компьютерлендірілген, сапалы желілі телефон байланысымен, өрт және қорғау сигнал беру жүйесімен қамтамасыз етілді. Жаңадан салынған почта бөлімшесі екі мыңнан астам тұрғыны бар ауылға қызмет көрсететін болады. Көлемі 115,0 шаршы метр почта бөлімшесінде операциялық зал, Интернет-аймақ, сұрыптау орны мен қойма орналасқан.
Туғанбай ауылының тұрғыны Мұрат Нұрғазиев аталған іс-шараға барынша беделді қатысты.
|