| 02.04.2008
Олимпиада алауы маркасы
Биыл «Қазпочта» АҚ экономиканың дербес сегменті ретінде құрылғанына 15 жыл толуын атап өтуде. Осыған байланысты бүкіл 2008 жыл тек почта саласының қызметкерлеріне ғана емес, сонымен қатар бүкіл қазақстандықтар үшін маңызды оқиғаларға толы болмақ.
2 сәуірде компания оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жайлы орындықтары және почта тақырыбына байланысты көркем стендтары бар почта аллеясын сыйға тартты. Почташылар бұл аллея почта саласы ардагерлері кездесетін орын болумен қатар, достар немесе ғашықтардың кездесетін орны және ыстық жазғы күні ағаштар көлеңкесінде дем алуға болатын орынға айналады деген сенімде.
Дәл осы күні Алматы почтамтында почта экспозициясының ашылып, бұл - қазақстандық почта мұражайының құрылуының алғышарты болмақ. Барлық экспозициялар почта қызметкерлерімен жиналды, сонымен қатар Қазақстанның Ұлттық Мұрағатының қызметкерлері де кейбір материалдарды қолданысқа берді. Мұнда почта ардагарлері почтада істеген жылдарды еске алса, жас ұрпақ біздің мемелекетіміздің тарихымен тығыз байланысты почта саласының қалыптасу және даму тарихымен таныса алады. Мұражай экспонаттары мен құжаттарды толықтыру жұмыстары әлі де жалғасатын болады.
Почташылар қазақстандық филателистер үшін де сыйлық дайындады – жаңа филателия салоны ашылды. Мұнда шағын нысанды өнер туындылары әуескерлерімен қатар басқа да барлық қалаушылар жинала алады. Елімізде және бүкіл әлемде қазақстандық маркалар мен филателиялық өнімдерге деген қызығушылық жылдан-жылға өсуде. Уақытқа сай салонның ашылуы бұл заман талабы болып табылады.
Осы күннің айрықша мәнді оқиғасы ХХІХ Жазғы Олимпиадалық ойындарға арналған көркем суретті марканың салтанатты өшіру рәсімі болғаны сөзсіз. Бұл оқиға тек біздің мемлекетіміздің тарихына ғана емес сонымен қатар, бүкіл дүниежүзілік тарихқа енетін болады. Естелік өшіру рәсіміне «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Құрмет Оразаев пен почта байланысы ардагері Қазыкен Базылов қатысты.
Мерекелік іс-шараларға почта саласының ардагерлері, шетел почта әкімшілік өкілдері, филателистер мен қала жұртшылығы қатысты.
|