| 07.04.2008
Қазпочта «Western Union» компаниясының «Pan Postal Program» бағдарламасының жеңімпазы атанды
29 наурызда Мальта аралдарында «Western Union» компаниясының «Pan Postal Program» бағдарламасы бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
2007 жылы «Қазпочта» АҚ «Pan Postal Program» бағдарламасына қатысып, 2007 жылдың қорытындылары бойынша аталған бағдарламаның жеңімпазы атанды.
«Қазпочта» АҚ 2000 жылдан бастап «Western Union Financial Services» компаниясының агенті болып табылады және компанияның «Western Union» жүйесі бойынша халықаралық ақша аударымдарын жүзеге асырады.
|