| 09.04.2008
Қазпочта жаңа почта вагондарын сатып алды
Тұтынушыларға почта байланысының сапалы қызметтерін көрсету бойынша міндеттерді орындау үшін және почталық жөнелтімдер көлемінің өсуіне байланысты Қазпочта 7 жаңа почта вагонын сатып алды. Олар облыс аралық магистральды бағыттарда почталық жөнелтімдерді тасымалдау үшін қолданылатын болады.
Жаңа почталық вагондар еріп жүретін өндірістік қызметкерлер еңбегінің жағдайын жақсарту үшін барлық қажетті тұрмыстық жабдықтармен (тоңазытқыш, қысқа толқанды пеш, электрлік плита, электрлік шәйнек, кондиционер) қамтылған. Бұл өз кезегінде «Қазпочта» АҚ көрсететін қызметтер сапасына септігін тигізеді.
Вагондар Санкт-Петербург қ. (Ресей) «Вагонмаш» ЖАҚ зауытында жасалды. Жаңа почта вагондарын қолданысқа енгізу үстіміздегі жылдың сәуірінде жоспарлануда.
7 почта вагонын алуға қаражаттың көп бөлігі (63%) республикалық бюджеттен бөлінді.
Үстіміздегі жылы тағы 6 жаңа почталық вагон сатып алу жоспарлануда.
Бүгінгі күні «Қазпочта» АҚ паркінде жаңа вагондарды қосқанда 60 бірлік вагон бар.
|