| 10.04.2008
Космонавтика күніне орай шығарылған маркалар
10 сәуірде Қазақстан Республикасы аумағында почта айналымына «Ғарыш» сериясындағы жаңа көркем суретті почта маркалары енгізілді. Олардың бірі халықаралық ғарыш станциясының 10 жылдығына арналған, екіншісіде «Мир» орбиталық ғарыш станциясы бейнеленген. Маркалардың әрқайсысының таралымы 50 000 дана. Бұл қазақстандық маркалар каталогындағы 631 және 632-маркалар болып табылады.
Маркалар төрт бояулы офсетті тәсілменшығарылған, перфорациясы жоталы. Суретшісі – Д. Мұхамеджанов. Маркалар «Комплекс» баспаханасында басып шығарылды.
|