«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



03.06.2008

«Қазпочта» АҚ-дағы маркетинг теориясы мен тәжірибесі

03.06.2008

«Қазпочта» АҚ-дағы маркетинг теориясы мен тәжірибесі

28 мамырдан 30 мамырға дейінгі аралықта облыстық филиалдар маркетинг және даму мен сату бөлімдері бастықтары үшін Алматы тренинг орталығында осылай аталған тәжірибелік семинар өтті.

Семинардың бірінші күні маркетинг негіздері мен компанияда маркетинг жүйесін құру мәселелері қамтылды. Семинарға қатысушылар үшін EMS-қызметі бойынша жүргізілген әлеуметтік сұрау нәтижелері келтірілді.

Екінші күні қатысушылар «Қазпочта» АҚ-да маркетингті жоспарлау мәселелері, STEP, SWOT, 7S McKinsey сияқты маркетингтік әдістемелері маркетингтік стратегия мен жоспарлары және 4Р жүйесі бойынша бәсекелестік ортаны сараптау ережелері талқыға салынды.

Бұдан басқа бенчмаркинг бойынша тақырыптар және маркетингтік сараптаудағы жобалық басқару әдістерін қолдану туралы сөз қозғалды. Семинардың үшінші күні ОА (СБ, ДжСБ, ИТДБ, ТКД) құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің баяндамаларына арналды. Негізгі баяндамалар филиалдарда СМЖ-ны енгізу мәселелеріне арналып, ОА сату және есеп беру тәртібі бойынша ұсыныстарды қамтыды.

Берілген дәрістік материалды жақсырақ бекіту үшін тыңдаушыларға оқытылған тақырыптар бойынша топтық тапсырмалар берілді.

Семинарға қатысушылар мұндай іс-шаралардың пайдасын атап өтіп, семинардың жоғары деңгейде өткенін айтты. Топтық материал әрбір тыңдаушымен толықтай игерілді.