«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



09.06.2008

«Қазпочта» АҚ ТМД қаржылық-банктік кеңесіне кірді

2008 жылдың 20 мамырында ТМД мүше-елдері арасында әріптестікке коммерциялық емес серітестік жәрдем ету координациялық кеңесінің штаб пәтерінде «Қазпочта» АҚ-ны ТМД Қаржылық-Банктік кеңесіне (ТМД ҚБК) қабылдау шешімі қабылданды. 2008 жылдың 28 мамырында «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Д. Молдағалиевке «Қазпочта» АҚ-ның ТМД ҚБК-ға қабылданғаны туралы куәлік тарту етілді.

Аталған ұйымға мүше болу Қазпочтаға қаржылық-банктік қызметтер секторында ТМД мүше елдерімен тығыз қарым-қатынасқа жол ашады.

ТМД ҚБК Достастық мүше елдерінің жетекші қаржылық және коммерциялық институттарының бастамасымен құрылды. ТМД ҚБК құру негізінде ұлттық қаржы рыноктары мүшелерінің алдында ортақ экономикалық кеңістікке кірген көршілес мемлекеттерде сәтті әрі тиімді қызмет етуіне оңтайлы шарттар жасау қажеттілігі жатыр.

«Қазпочта» АҚ-ның стратегиялық әріптестерінің қатарында – ТМД елдері Қаржы министрліктері, ТМД орталық (ұлттық) банктері, Мемлекетаралық – ТМД валюталық комитеті, ТМД Орындаушы комитеті, мүше елдер банктері одағы мен ассоциациялары және ТМД коммерциялық банктері бар.