«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



11.06.2008

«Қазпочта» АҚ-да сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды әзірлеу мен ендірудің екінші сатысы өтуде

Сапа менеджменті жүйесін сертификаттауды әзірлеу, ендіру мен дайындау бағдарламасына сәйкес «Қазпочта» АҚ 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап «Астана почтамты» Астана филиалы, Астана почта тасымалдау бөлімшесі, РАБҚ, «Почтажабдықтау» филиалы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстық филиалдарында СМЖ әзірлеу және ендіру бағдарламасының екінші кезеңін іске қосу қолға алынды.

2008 жылдың бірінші тоқсанында филиалдарда СМЖ сертификаттауға дайындау, ендірудің қалыпты жоспарына сәйкес төмендегі іс-шаралар жүзеге асырылды:

- қаңтар-ақпанда облыстық филиалдардың 572 қызметкері «ИСО 9001:2000 ХС талаптарына сәйкес почта-жинақ саласындағы ұйымда Сапа менеджменті жүйесін енгізу және ішкі аудит» тақырыбындағы оқытудан өтті. Емтихан нәтижелері бойынша оларға «Сапа бойынша менеджер» және «СМЖ ішкі аудиторы» сертификаттары берілді;

- ақпан-наурызда «Қазпочта» АҚ орталық аппараты бұйрығына сәйкес СМЖ ендірудің екінші деңгейіне кіретін филиалдарда әрекет етіп отырған басқарушылық жүйенің ИСО 9001:2000 ХС талаптарына сәйкестілігін тексеру өтті. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде филиалдар мен орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелеріне тексеріс кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсыныстар жасалды;

- сәуірде филиалдар директорлары үшін «Почта-жинақ жүйесі ұйымында ИСО 9001:2000 ХС талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін құру, ендіру және қызмет етудегі басшылықтың рөлі мен қызметі» тақырыбында семинар өтті. Семинарға «Қазпочта» АҚ барлық филиалдарының директорлары қатысты.

Екінші тоқсанда келесі іс-шаралар іске асырылады:

- маусымда «Қазпочта» АҚ СМЖ енгізудің екінші деңгейіндегі филиалдарда ішкі аудит басталады; шілдеде «Қазпоча» АҚ орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінде ішкі аудит жүргізу жоспарланған.

Қарашада қомақты жұмысты атқару жоспарланған – «Қазпочта» АҚ СМЖ енгізудің екінші деңгейіне кіретін филиалдарда сертификаттау алдындағы аудит және «Қазпочта» АҚ СМЖ енгізудің пилотты аумағындағы филиалдарда – орталық аппарат, «Алматы почтамты» Алматы филиалы, Қарағанды, Қостанай облыстық филиалдары, Алматы почта тасымалдау бөлімшесі - бақылау аудиті өткізіледі.