|
16.06.2008
Үлес-пайданы төлеу бойынша хабарлама
«Қазпочта» АҚ (әрі қарай – Қоғам) бірден-бір акционері болып табылатын
«Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару қазақстандық холдингі» АҚ-ның 2008
жылғы 13 маусымындағы шешімімен (2008 жылы 31 маусымда күшіне енеді) ҚР «Акционерлік
қоғамдар туралы» Заңының 23-ші бабын орындау мақсатында, Қоғамның 2007 жылғы
аудиттен өткен нығайтылған жылдық қаржылық есебі бекітілгені және 2007 жылғы
жұмыс қорытындылары бойынша «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару қазақстандық
холдингі» АҚ-ға Қоғамның қарапайым акциялары бойынша үлес-пайданы төлеу жөнінде
шешім қабылдағаны жөнінде хабарлайды.
1) Қоғамның мекен-жайы, банктік және басқа да деректемелері: Қазақстан Республикасы,
050012, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 152; СТН 600700100437; БСК 190501563,
БеК 15; ЖСК 500886999;
2) үлес-пайда 2007 жыл үшін төленеді;
3) үлес-пайданың мөлшері бір қарапайым акцияға шаққандағы құны 3 (үш) теңге
75 (жетпіс бес) тиынды құрайды (Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес
салық сомасын есептегендегі құны);
4) үлес-пайда 2008 жылдың маусым айының 13 жұлдызынан бастап төленетін болады;
5) үлес-пайданы төлеу реті мен түрі – қолма-қол түрде.
Қоғамның қарапайым акциялар бойынша үлес-пайданы төлеуі туралы
қосымша ақпараттарды алу үшін «Қазпочта» АҚ Бухгалтерлік есеп пен есептілік
департаментіне мына мекен-жай бойынша хабарласуға болады: 050004, Алматы қаласы,
Сейфуллин көшесі, 410.
|