«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



03.07.2008

Алматыда «Қазпочта» АҚ мамандары және топ-менеджерлері мен «SK C&C Co., LTD» Оңтүстік Кореялық компанияның өкілдері қатысқан брифинг өтті

Шілденің 2 жұлдызында Алматы қаласында «Қазпочта» АҚ мамандары және топ-менеджерлері мен «SK C&C Co., LTD» Оңтүстік Кореялық компанияның өкілдері қатысқан «Қазпочта» АҚ ақпараттық-логистикалық жүйесін құру бойынша бағдарламалық қамтуды құрастыру мен жеткізу бойынша брифинг өтті.

Мамыр айының соңында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы Премьер-Министрлерінің қатысуымен «Қазпочта» акционерлік қоғамы «SK C&C Co., LTD» Оңтүстік Кореялық компаниямен ақпараттық-логистикалық жүйені құру үшін қажет бағдарламалық қамтуды құрастыру мен жеткізу жөнінде келісімге қол қойды.

Мұндай жүйені құру – уақыт талабы. Себебі қатал бәсекелестіктің өсуі жағдайында, Қазақстан рыногында жүктерді тасымалдау және жеткізу қызметтерін көрсететін көптеген көліктік-логистикалық компаниялардың пайда болуымен бірге Қазақстан Республикасы азаматтарын қазіргі заманғы почталық жөнелтімдер, сәлемдемелер мен жүктерді жеткізу қызметтерімен қамтамасыз ету үшін «Қазпочта» АҚ-да өзінің қазіргі заманғы біртұтас ақпараттық-логистикалық жүйесін құру қажеттілігі туындады. Жаңа құралдардың көмегімен жөнелтімдер, сәлемдемелер мен жүктердің жүрісі, сақталу жүйесі құрылады. Бұл өз кезегінде транзиттік ағындардың өтуін бақылау үрдісін айтарлықтай жақсартады. Осылайша бүкіл үрдіс – почталық жөнелтім түскендегі ресімдеуден бастап, адресаттың қолына жеткенге дейін - толықтай айқын болады. Көрші мемлекеттерге жөнелтілетін және олардан келетін жүктерді жеткізу мен сақтау қоймалары қазіргі заманғы құралдармен жабдықталатын болады. Мұнда ретке келтірілген, тиімді жұмыс істейтін жүйе көрсетілетін қызметтер сапасы деңгейін көтеріп қана қоймай, «Қазпочта» АҚ қызметкерлерінің еңбек жағдайын айтарлықтай жақсартады. Брифингте Қазақстанда қазіргі заманғы сұрыптау орталығы бар алғашқы ақпараттық-логистикалық жүйені құрудың бірегей жобасы ұсынылды. Жобаны іске асыру мерзімі – 2008-2009 жылдар.