«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



07.07.2008

ҚР Премьер-Министрі ірі компаниялар басшыларына «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалін тапсырды

ҚР Премьер-Министрі ірі компаниялар басшыларына «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалін тапсырды

Шілденің 5-інде Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталғандарға салтанатты тапсыру рәсімі болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен сіздерді мерекемен құттықтағым келеді және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Астананың дамуы мен қалыптасуына қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге награданы тапсырамын", - деді құттықтау сөзінде К. Мәсімов.

Премьер-Министр «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалін «Лукойл» АҚ президенті В. Алекперовке, «Парасат» «Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Н. Бектұрғановқа, «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдинг» АҚ басқарма төрағасы Қ. Бозымбаевқа, «Trans ltd» компаниясының бас директоры О. Ботбайға, «GSM Kazakhstan» компаниясының бас атқарушы директоры В. Аралға, «Қазатомөнеркәсіп» «Ұлттық атом компаниясы» АҚ президенті М. Жәкішевке, «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ басқарма төрағасы А. Дунаевқа, «Цесна» корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы Е. Бегенбаевқа, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы А. Жұмағалиевке, «Қазтеміртранс» АҚ президенті Е. Есқалиевке, «Астанаинжкомқұрылыс» компаниясының бас директоры В. Куфельдке, «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Д. Молдағалиевке, «KEGOK» АҚ президенті А. Сатқалиевке, «Қазагрофинанс» АҚ басқарма төрағасы И. Тағашевқа тапсырды.

ҚазАқпарат 05.07.2008