«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



02.08.2008

Қазақстандық почтаның 15 жылдығына орай Женевада өткен жиын

2008 жылдың 1 тамызында Дүниежүзілік почта одағының (ДПО) 24-конгресі барысында Женева қаласында (Швейцария) «Қазпочта» акционерлік қоғамы Егемен Қазақстан Республикасының почтасына 15 жыл толуына орай ресми жиын өтті. Шақырылған қонақтардың ішінде Дүниежүзілік почта одағының, Байланыс саласындағы аймақтық достастық (БАД) өкілдері және ДПО-ға мүше 40 елден астам конгресс мүшелері болды.

Салтанатты жиынды ДПО Бас директоры Эдуард Дайан мырза ашып, өз сөзінде «Қазпочта» АҚ-ға ресми жиынды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіріп, ДПО Әкімшілік кеңесі мен Почтаны пайдаланымға енгізу кеңесіне мүшелікке сайлау кезінде сәттілік тіледі. Швейцариядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Аманжол Жанкүлиев мырза конгресс пен өткізіліп жатқан жиынның ұйымдастырылуының жоғары деңгейін атап өтті.

«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Молдағалиев өз сөзінде: «Биыл қазақстандық почта ұлттық экономиканың жеке сегменті болып құрылғанына 15 жыл толуын атап өтуде. Осы жылдар ішінде Қазақстанның почта әкімшілігі айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп, өзіне және бүкіл әлем қоғамдастығына қандай да болмасын алдына қойған мақсаттарға қол жеткізе алатындығын дәлелдеді. Қызмет көрсету технологиялары жетілдірілді. Тармақталған почталық желі компанияның әлеуметтік маңызды қызметтер рыногында басты орындарды иеленуге септігін тигізді. 2000 жылы Қазақстан Республикасы ДПО-ның почта индустриясына байланысты берген ұсыныстарына сәйкес бұрынғы Кеңес Одағы елдері ішінде почта-жинақ жүйесін құрастырып енгізген алғашқы ел болды. Қазақстанның почта саласы экономиканың маңызды бөлігі ретінде Қазақстанның әлемнің 50 бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіруіне бағытталған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға кірісті.

Қазіргі кезде «Қазпочта» акционерлік қоғамының басшылығы өз алдына компанияны республиканың қалалық болсын, ауылдық болсын тұрғындары үшін почталық және қаржылық қызметтер кешенін халықаралық стандарттар деңгейінде көрсететін экономиканың бөлек секторына айналдыру кеудемсоқтық мақсаты тұр».

Жиын барысында конгресс жұмысы мәселелері мен Дүниежүзілік почта одағының Әкімшілік кеңесі мен Почтаны пайдаланымға енгізу кеңесіне сайлануына лайықты кандидат ретінде өзін-өзі танытқан, конгресс жұмысыфна белсенді қатысып отыратын Қазақстан почта әкімшілігінің жұмысы талқыланды.

«Саз-Отау» танымал қазақстандық тобы қазақ ұлттық күйлерін орындап, кешке жайлы атмосфераны тарту етті.