«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



06.08.2008

Эдуард Дайан қайтадан ДПО Бас директоры болып сайланды

2008 жылдың 6 тамызында Дүниежүзілік почта одағының (ДПО) 24-конгресі барысында Эдуард Дайан Дүниежүзілік почта одағының Бас директоры болып қайта сайланды.

Конгресс Бас директор Эдуард Дайан және оның орынбасары Гуочжонг Хуангтың ДПО Жалпы регламентінде баптарында қарастырылған тәртіпте 25-конгреске дейін қайта сайлануын мақұлдады.

2007 жылғы 17 желтоқсанда ДПО 24-конгресіне дейін 7 ай қалғанда, ДПО Халықаралық бюросы мүше елдердің почта әкімшіліктерін ДПО Бас директоры Э. Дайан мен оның орынбасары Гуочжонг Хуанг өздерінің өкілеттіктеріндегі қызметін одан әрі жалғастыруға мүдделі екендерін білдіргені жөнінде хабарлап, мүше-елдер үкіметтеріне қажет болса, Бас директор мен оның орынбасары қызметіне жаңа тұлғаларды ұсынуға нота жіберді.

Дүниежүзілік почта одағының жалпы регламентіне сәйкес Халықаралық бюро Бас директоры мен оның орынбасары бірінен кейін бірі келетін конгресс аралығына конгреспен сайланады. Мұндағы олардың өкілеттілік мерзімі кем дегенде төрт жылды құрайды. Олардың өкілеттіктері тек бір рет ғана қайталанады.

ДПО регламентіне сәйкес конгрестің ашылуына дейін кем дегенде жеті ай бұрын Бас директор мүше-елдер үкіметіне қажет болған жағдайда Бас директор мен оның орынбасары лауазымына өз кандидаттарын ұсынуды немесе әрекет етуші Бас директор мен оның орынбасарының өкілеттік мерзімін арттыруды таңдайға мүмкіндік беретін ното жібереді. Кандидаттар өмірбаяндары Халықаралық бюроға конгресс ашылуына дейін кем дегенде екі ай бұрын түсуі тиіс. Кандидаттар оларды ұсынған елдердің азаматтары болуы тиіс.