| 08.08.2008
Олимпиада ойындарына арналған марка
8 тамызда Қытайда, Пекин қаласында XXIX Жазғы Олимпиада ойындары басталды. Олимпиада аясында Халықаралық олимпиада комитеті, Қытай почтасы және басқа да ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылған «Olympic Expo Beijing 2008» Халықаралық филателистік көрме өтпекші.
«Қазпочта» АҚ аталған көрмеге қатысушы ретінде бөлек стендке ие. Онда ҚР ең танымал маркаларын сату және Олимпиадаға арналған марканың өшіру рәсімін өткізу жоспарланған.
Олимпиада маркалары көрмесін өткізу дәстүрі 1988 жылдан бастау алады. Бұл Сеул олимпиадасында ХҰК Олимпиада ойындарын ұйымдастырып жатқан ел почтасы Олимпиада маркалары көрмесін өткізуі керек деген шешіміне байланысты болды.
Сондай-ақ, Халықаралық Олимпиада комитеті 2008 жылдан бастап аталған көрмеде маркалар ғана емес, сонымен қатар басқа олимпиадаға байланысты экспонаттар көрсетіледі деп шешілді.
Пекиндегі жазғы олимпиадаға және олимпиада эстафетасына арналған маркалар биыл өте танымал – олар бүкіл әлем филателистерімен зор көлемде сатып алынуда. Филателистік өнімді шығарумен айналысатын әрбір ел олимпиада символикасы бар марканы шығаруды үлкен мәртебе деп санайды. Себебі бұл мемлекеттің тарихына ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлем тарихына енетін оқиға болып табылады.
Мұндай маңызды оқиғадан «Қазпочта» АҚ-да шетте қалмады. Осылайша, 2 сәуірде айналымға олимпиада алауына арналған көркем суретті почта маркасы енгізілді. 10 тамызда Пекин қаласының көрмелік орталығында олимпиада тақырыбына арналған тағы бьір арнайы шығарылым – «Спорт» сериясындағы «Дзюдо» және «Гандбол» екі көркем суретті почта маркасын почталық айналымға енгізу өткізіледі. Аталған маркалардың әрқайсысының таралымы – 225 000 дана. Суретшісі – Данияр Мұхамеджанов.
|