«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



14.08.2008

2008 жылдың 12 тамызында Женева қаласында (Швейцария) ДПО 24-Конгресі өз жұмысын аяқтады

2008 жылдың 23 шілде мен 12 тамыз аралығында Женева қаласында (Швейцария) Дүниежүзілік почта одағының (ДПО) 24-Конгресі өтті. Конгресс жұмысына әлемнің 170-тен астам мемлекеті, ортақ саны 2200-ге жуық мүшесі бар 38 халықаралық ұйым қатысты. Соның ішінде Байланыс саласындағы аймақтық достастық (БАД) мүше-елдері мен бақылаушылары - Әзербайжан, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Ресей, Словения, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина, Финляндия, Эстония.

Конгрестің бірінші күнінде өткен ресми ашылу рәсімінде БҰҰ Бас Хатшысы Пан Ги Мунның жолдауы оқылды. Қатысушыларды Кения Республикасының Парламент мүшесі, премьер-министрінің орынбасары мен Муниципалды басқару министрі, Швейцария Қоршаған орта федералды департаменті, көлік, энергетика және байланыс федералды жиналысы мемлекеттік хатшысы Ханс Вардер.

6-тамызда қазақстандық делегацияның басшысы – «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы, БАД операторлар кеңесінің Төрағасы Дәурен Молдағалиев баяндама жасады.

Конгрестің бірінші пленарлық отырысында ДПО Әкімшілік кеңесінің келесі шешімі бекітілді: Ресей Федерациясы Конгресс төрағасының орынбасары, Украина – 8 «Дамуға үлес қосу» Комиссиясының Төраға орынбасары, Әзербайжан – 1 «Өкілеттікті тексеру» комиссиясының төраға орынбасары, Қазақстан – 6 «Почталық төлемдер қызметі» төраға орынбасары болып сайланды.

Конгрестің 37 мәжілісінде қатысушылар ДПО басқарушы органдары - Әкімшілік кеңес (ӘК), Почтаны пайдаланымға енгізу кеңесі (ППеК) мен Халықаралық бюро (ХБ) қызметі туралы есептер, ӘК Жоғары деңгей тобы мен Консультативтік топ қызметі жөніндер есептер, сондай-ақ өткен төрт жыл бойында әдлемдік почта саласының негізгі даму бағыттарын анықтаған Бухарест почта стратегиясының іске асырылуы туралы есеп тыңдалды.

Конгресте қабылданған маңызды шешім – почталық айырбас үшін шығындардың жаңа жүйесін бекіту болды. Ол дамып келе жатқан елдердің, соның ішінде БАД мүшелерінің мүдделеріне сай және ДПО Сапа басқару қорының (СПҚ) одан әрі қызмет етуін қарастырады.

ДПО байланыс әкімшіліктері Конгрестің қарауына ДПО Актілерін өзгерту жөнінде 800-ден астам ұсынысжасады, соның ішінде негізгі бөлімін құраған БАД мүше-елдері болды. БАД ӘК ұсыныстарының көбісі Конгреспен қабылданды.

Конгресс шеңберінде 2008 жылғы 21 шілдеде Байланыс саласындағы аймақтық достастық пен Солтүстік және Оңтүстік Америка, Испания мен Португалия почталық одағы (PUASP) арасында Меморандумға қол қойылды. БАД атынан меморандумға Атқарушы комитеттің бас директоры Н. Мұхитдинов, ал PUASP атынан – Бас Хатшы

С. Бассини қол қойды. Құжатта аталған аймақтық ұйымдардың ақпарат, тәжірибе мен екіжақ мүдделі мәселелер бойынша координация алмасу арқылы почта байланысын дамытудың басымды бағыттары бойынша әріптестік негізі қаланған.

Конгрестегі басты оқиға ДПО Халықаралық Бюросының Бас директоры мен оның орынбасарын және ДПО басқарушы органдары - Әкімшілік кеңес пен Почтаны пайдаланымға енгізу кеңесін сайлау болды. 6 тамызда дауыс беру нәтижесінде Халықаралық бюро басшысы болып қайтадан Эдуард Дайан, Франция почтасының еуропалық және халықаралық мәселелер бойынша директоры сайланды. Хуанг Гуочжонг, Қытай почта әкімшілігі жетекшісінің орынбасары ДПО Халықаралық Бюро бас директорының орынбасары болып сайланды.

БАД мүше-елдерінің келісілген әрекеттерінің нәтижесінде ДПО Әкімшілік кеңесінің жаңа құрамына Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азиядан Әзербайжан, Қазақстан, Литва, Ресей мен Украина кірді. Поятаны пайдаланымға енгізу кеңесі құрамына Әзербайжан, Польша мен Ресей кірді. Бұл Достастық елдеріне ДПО қызметіне қатысты негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдауға әсер етуге мүмкіндік береді.

24-Конгресте Найробиялық Дүниежүзілік почта стратегиясы талықаға салынып, қабылданды. Ол келесі төрт жыл ішінде әлемдік почта қоғамдастығының негізгі мақсаттары мен даму ұстанымдарын анықтайтын құжат болып табылады.

ДПО Акттарына қол қойылғаннан кейін Конгресс өз жұмысын тоқтатты.