«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



12.09.2008

12 қыркүйекте Алматыда «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті

12 қыркүйекте Алматыда «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің өзгертілген құрамда кезекті отырысы өтті. Тәуелсіз директорлар Стивен Муди мен Серік Ахановты Найджел Стейплтон мен Яцек Бжезински ауыстырды.

«Самұрық» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 4 шілдедегі шешімімен 2008 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Найджел Стейплтон, Лондон қор биржасының тәуелсіз директоры, Почта әкімшіліктері комиссиясы (Ұлыбритания) Директорлар кеңесінің тәуелсіз төрағасы, «Қазпочта» АҚ тәуелсіз диреторы қызметін атқаруға кірісті.

Найджел Стейплтон Кембридж Университетінің түлегі, Өндірістік кәсіпорындар бухгалтерлері мен басқару институтының толық құқылы мүшесі.

Түрлі жылдары «Веронис Сулер Интернейшнл» тікелей инвестициялар қоры Төрағасы қызметін атқарды, «Рид Интернейшнл» компаниясының зейнетақы қорына инвестициялар комитетін басқарды, «Юнилевер» компаниясының (АҚШ) қаржы бойынша вице-президенті – коммерциялық өкілі болған.

«Самұрық» холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің 2008 жылғы қыркүйекте қабылданған шешімімен Яцек Бжезински, «B.P. Invest Consult GmbH» (BPIC) (Австрия) компаниясының тәуелсіз кеңесшісі, «Қазпочта» АҚ тәуелсіз диреторы қызметін атқаруға кірісті.

Яцек Бжезински Познань Экономика мектебінің (Польша), Венадағы Дипломатия Академиясының түлегі, экономика ғылымдарының докторы.

Түрлі жылдары Қазақстандағы Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің өкілі, «CiroCredit» компаниясының (Австрия) Орталық және Шығыс Еуропадағы инвестициялық банктік қызмет жөніндегі департаментінің директоры, «Bank Austria Creditanstalt Futures AG» (Вена, Лондон) банкі Басқарма Директоры қызметтерін атқарды.

«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Ульф Вокурка Тәуелсіз директорларды қызметке енгізу бағдарламасын ұсынды.

Директорлар кеңесі жанындағы Комитеттердің жаңа құрамы қалыптастырылды. Осылайша, аудит бойынша комитет төрағасы болып Найджел Стейплтон, сый ақы бойынша комитеті төрағасы болып Яцек Бжезински және тағайындау бойынша комитетінің төрағасы болып Калле Тариен тағайындалды.

«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Молдағалиев мәжіліске қатысушыларға «Қазпочта» АҚ-да соңғы кезеңде өткен маңызды оқиғалар жөнінде ақпаратты ұсынды. Атап айтқанда, Молдағалиев мырза құрамында «Қазпочта» АҚ топ-менеджерлері мен мамандары бар қазақстандық делегацияның Дүниежүзілік Почта Одағының 24-Конгресі (Женева, Швейцария) жұмысына қатысқаны жөнінде баяндады.

Сондай-ақ Басқарма Төрағасы «Қазпочта» АҚ Басқармасы жұмысының ай сайынғы есебін берді.

Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі «Қазпочта» АҚ қаржы-шаруашылық қызметінің 2008 жылдың І жарты жылы үшін есеп болды. Сондай-ақ, «Қазпочта» АҚ Даму стратегиясы жобасының жұмысына зор назар аударылды.

Тәуелсіз директорлар институты инвесторлардың кәсіпорындарға деген сенімін арттыру үшін қызмет ететін, Директорлар кеңесінің оңтайлы қызметін қамтамасыз етуге және бизнес бағамын арттыруға бағытталған маңызды құрал болып табылады.

Тәуелсіз директорлар қоғам қызметінің стратегиялық мәселелері бойынша бейтарап пікір білдіруге және мүдделер қақтығыстарын шешуге белсенді қатысуға міндетті.

«Қазпочта» АҚ – 2006 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасының бірқатар ірі компанияларының мемлекеттік активтерін тиімді басқару мақсатында құрылған «Самұрық» қазақстандық активтерді басқару мемлекеттік холдингі» АҚ түрінде 100 пайыз акциялары мемлекет иелігіндегі почта байланысының ұлттық операторы.