«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



14.09.2008

«Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшысы тағайындалды

12 қыркүйекте Алматыда «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында «Қазпочта» АҚ Корпоративтік хатшысы қызметін енгізу туралы шешім қабылданды. Корпоративтік хатшы қызметі Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларының Қоғамның бірден-бір акционерінің құқығы мен мүдделерінінің орындалуын кепілдендіретін корпоративтік басқару ережелері мен әрекеттерін орындауын қадағалау мақсатында енгізілді.

Корпоративтік хатшының қызметі аясындағы міндеттері:

1) Қоғам органдары мен лауазымды тұлғаларының корпоративтік басқару саласындағы заңнама, жарғы, Корпоративтік басқару кодексі мен Қоғамның ішкі құжаттарының орындалуын қадағалау, сонымен бірге корпоративтік басқару саясаты мен тәжірибесін жетілдіру;

2) Директорлар кеңесі мен оның комитеттеріні тиімді қызметін қамтамасыз ету;

3) Бірден-бір акционердің заңнамаға, жарғыға және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес шешім қабылдауын қамтамасыз ету;

4) Қоғам қызметі жөнінде маңызды ақпаратты ашу және беру, сонымен бірге ақпараттық айқындылықтың жоғары деңгейін қолдау;

5) Қоғам және оның органдары мен бірден-бір акционер арасындағы айқын әрі тиімді өзара әрекеттерді қамтамасыз ету.

Директорлар кеңесінің шешімімен Корпоративтік хатшы қызметіне Даушеева Зәуре Жеңісқызы тағайындалды.

Зәуре Даушеева түрлі жылдары «Қазпочта» АҚ құқықтық қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары; ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу комитетінің мемлекеттік сатып алуды түрлерін келістіру басқармасының бастығы; «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарды.

«Қазпочта» АҚ 2006 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасының бірқатар ірі компанияларының мемлекеттік активтерін тиімді басқару мақсатында құрылған «Самұрық» қазақстандық активтерді басқару мемлекеттік холдингі» АҚ құрамына кіреді.