|
08.10.2008
«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Молдағалиевтің Дүниежүзілік почта күніне орай жолдауы
Құрметті қазақстандық почта қызметкерлері!
Сіздерді жыл сайын дүние жүзі почташылары 9-қазанда атап өтетін Дүниежүзілік почта күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Биыл біз егеменді Қазақстан почтасының құрылғанына 15 жыл толуын атап өтудеміз. Компанияға шетелдік почта әкімшіліктерінен, әріптестерімізден, клиенттерімізден көптеген құттықтаулар келіп жатыр. Олар «Қазпочта» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің еңбегін оң деп бағалауда. Біз компанияда еңбек ететін әрбір қызметкердің қосқан үлесін жоғары бағалап, өткен буын почташыларының дәстүрлерін құрмет тұтамыз, почта саласының ардагерлерін есте сақтап, оларға қамқорлықпен қараймыз.
Почтаның әлеуметтік маңызын асыра бағалау қиынға соғар, себебі почта көрсететін қызметтерді қала мен ауыл тұрғындарының көп бөлігі қолданады. Өздеріңнің күн сайынғы еңбектеріңмен сендер ақпаратты жеткізу мен тарату бойынша басты міндетті атқарасыңдар, сендердің қызметке деген кәсіби қатынасыңыздың арқасында почта қызметкерлерінің мәртебесі мен беделі жыл сайын көтеріліп, почташы мамандығынын абыройы көтерілуде.
Бүгінгі күні қазақстандық почтаның ең басты мәсесі - көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру, почта жөнелтімдерін жеткізу мерзімін қысқарту, клиенттердің талғамына сәйкес келетін жаңа қызмет түрлерін енгізу болып табылады. Почталық қызметтердің сапасын көтеру Алматы, Астана мен Ақтөбе қалаларында автоматтандырылған сұрыптау орталықтарын салуға себеп болады. Компания жоспарында еліміздің бүкіл аумағы бойынша жаңартылған ауылдық почта байланысы бөлімшелерін салуды жалғастыру бар. Бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарының бәріне қалалықтармен бірдей деңгейде сапалы қызмет алуларына ықпал етеді.
Ал Дүниежүзілік почта одағы өз алдына әлем почта әкімшіліктерінің іс-әрекеттерін координациялау, почталық байланысты кеңейту мен жетілдіру, халықаралық почталық желіні дамыту мен жаңарту, қызметтер сапасын көтеру мен олардың ассортиментін кеңейту, ұлттық почта қызметтерінде және тұтастай әлемдік почта жүйесінде туындайтын регламентарлық, эксплуатациялық, техникалық сипаттағы мәселелерді шешу сияқты міндеттерді қояды.
Қазіргі почта көптеген өндірістік дамыған елдерде логистика, почталық-банктік қызметтер, каталогтік сауда, тікелей почталық жөнелтім саласында белсенді түрде жұмыс істеп, ақпараттық технологияларды, гибридтік почтаны, электрондық коммерцияны дамытуда. Аталған бағыттардың барлығы Қазақстанда халыққа да, бизнеске де жоғары сапалы түрде қызмет көрсету орталығы болуы тиіс қазақстандық почтаның назарынан тыс қалған жоқ. Қорытындылай келе, почта реформасы анық бейнеленген әлеуметтік бағдарға ие – ауыл тұрғындары мен қалалықтардың өмір деңгейіндегі арасындағы айырмашылықты барынша қысқарту.
Мереке қарсаңында почта қызметкерлерінің бәріне зор денсаулық, еңбекте табыс тілеймін.
«Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Молдағалиев |