«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



08.10.2008

Дүниежүзілік почта одағы Бас директоры Эдуард Дайанның Дүниежүзілік почта күніне орай жолдауы

 

БОЛАШАҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН ПОЧТА

Бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша милиардтаған сәлемдемелер, хаттар, жедел-жөнелтімдер жеткізіліп, тауарлар, маңызды құжаттар, ақша аударымдары, газеттер, кітаптар жөнелтілуде...

Осыдан аз уақыт бұрын ғана почта қызметі қажетсіздік себебінен жақын арада ғайып болады деген пікірлер білдірілген-тін. Бірақ, уақыт өтіп жатыр, почта әлі де өзінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Оны Интернет те, электронды почта да алмастыра алған жоқ. Қайта бұл байланыс құралдары почта қызметтері үшін дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашты.

Біз түрлі байланыс құралдары бір-бірін сәтті толықтырып отырған заманда өмір сүріп жатырмыз. Почта он-лайн тәртібінде сатып алу мен сатуды орындаушыларға барлық қажетті қызметтерді көрсетіп қана қоймайды, жаңа технологияларға қолы жетпегендер үшін, почтаның сыртқы әлеммен байланыстырушы өмірлік маңызы әлі де зор. Аймақтар мен мемлекеттер арасында сауда байланысы белсендіріліп жатқан кезде, бүкіл әлемнің почта әкімшіліктері арасындағы деңгейлік айырмашылықты жою қажет. Халық пен іскери адамдар бұл байланыстан барынша мол пайда алу үшін жасалынады. Женева қаласында шілде-тамыз айларында өткен ДПО-ның XXIV конгресінде қабылданған Дүниежүзілік почта стратегиясы секторды дамытуға бағытталған «жол нұсқаушы карта» болып табылады.

Стратегияда жобаланған нақты мақсаттар өсіп жатқан бәсекелестік, ғаламдану, рыноктарды ырықтандыру және жаңа технологиялардың тез дамып жатқан жағдайында почта қызметтерінің жағдайын жақсартуға бағытталған. ДПО қабылдаған «жол нұсқаушы карта» жеке тұлғалардың болсын, іскери адамдардың болсын почта қызметтеріне деген сенімділік пен барлық тұтынушылардың сұраныстарын барынша қанағаттандыру үшін жылдамдықты арттыруға шақырады. Жақын арада ДПО қызмет ететін ең маңызды салалардың бірі әмбебап қызметті нығайтуға, қызмет сапасына, төлем қабылдау қызметтерін жаңартуға, жеке бас сәйкестілігінің маңызды бөлігі болып табылатын мекен-жайды әзірлеу облысындағы стратегияны іске асыруға және қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамуға бағытталады.

Дүниежүзілік почта күні әмбебап қызмет көрсетуі тиіс біздің ұйымға мүше-елдер мен почта операторлары почта секторының басқа да мүшелерімен бірге почта қызметтерін жаңарту міндетін мойындарына алып, олардың әлеуметтік-экономикалық дамуға одан әрі барынша жәрдемдесуіне тілектестік білдіремін.

Бұл мақсаттар Біріккен Ұлттар Ұйымының нұсқамаларына сәйкес келеді. Сондай-ақ, биыл ДПО маңызды мерейтойды атап өтетінін айтпасқа болмас. Осыдан 60 жыл бұрын Дүниежүзілік почта одағы БҰҰ-ның мамандандырылған ұйымы болды. 1948 жылдан бастап, почта секторы БҰҰ қызметінің көптеген маңызды салаларындағы кедейшілікті жеңу, мемлекеттер арасындағы технологиялық айырмашылықты жою, денсаулық сақтау деңгейін көтеру, қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты даму сияқты негізгі міндеттерін атқаруға көмектесіп келеді.

Әмбебап сипаттағы почта қызметтері бүкіл әлем тұрғындары арасындағы берік байланысты қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұның милиондаған адамдар байланыс құқығынан айырылған кезде маңызы аса зор. Үнемі өзгеріп тұрған әлемде почта қызметтері қажетті байланысты қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Эдуард Дайан,Дүниежүзілік почта одағының бас директоры