| 12.11.2008
«Біреуге хат жазып, еңбек етудің қолайлы жағдайы өмірдің жақсаруына алып келетінін түсіндіріңдер»
Дүниежүзілік почта одағы, ЮНЕСКО мен «Қазпочта» АҚ 2009 жылы «Біреуге хат жазып, еңбек етудің қолайлы жағдайы өмірдің жақсаруына алып келетінін түсіндіріңдер» деген тақырыпта эпистолярлық жұмыс шығармалары байқауын жариялайды.
Осымен 38-рет өткізіліп жатқан жастарға арналған бұл байқаудың мақсаты олардың шығармашылық, өз ойларын нақты білдіру дарындарын дамыту, сондай-ақ, Дүниежүзілік почта одағының (ДПО) басты міндеттерінің бірі болып табылатын мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайту болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003-2012 жылдар аралығын сауаттылық онжылдығы деп жариялағанына байланысты, ұйымдастырушылар байқау бүкіл әлемдегі балалар мен жасөспірімдердің сауаттылық деңгейін көтеруге септігін тигізеді деген сенімде.
Байқауға 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер қатыса алады. Шығармалар жақында жазылған әрі жарияланбаған хат түрінде болуы қажет. Шығармалар хат түрінде жазылып, алушы мен жіберушінің мекен-жайын қамту керек, соңында түсінікті түрде қойылған қол тұру қажет. Жұмыстарға қойылатын басты талап – шығармалар аталған тақырыпқа сәйкес келуі тиіс.
Шығармаларда саяси насихат пен діни ойларға жол берілмеуі керек. Жұмыс 500-ден кем, 1000 сөзден аспаған дұрыс.
Шығармаға жазушының сапалы фотографиясы қосылып жіберілуі тиіс, аты-жөні, толық мекен-жайы, мектебі мен класы анық жазылғаны дұрыс.
Байқау жеңімпазын «Қазпочта» АҚ мамандарынан құралған комиссия анықтайды. Ең үздік жұмыс Қазақстан Республикасы атынан Дүниежүзілік почта одағына халықаралық байқауға қатысу үшін жіберіледі.
Үздік жұмыстардың авторлары Дүниежүзілік почта одағы Халықаралық бюросының тапсырысымен жасалған медальдармен, грамоталармен және басқа да сыйлықтармен марапатталады. Үздік шығармалар жеті тілде шығарылатын «Почтовый союз» халықаралық журналында, ДПО-ға мүше елдердің почта әкімшіліктерінің сайттарында орналастырылады.
Шығармаларды 2009 жылдың 15 наурызына дейін мына мекен-жайға жіберген дұрыс: 050012, Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 152 («Халықаралық эпистолярлық байқауға» деген белгімен «Қазпочта» АҚ баспасөз қызметіне).
|