«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



27.11.2008

КоМоҚа почта комитетінің кезекті отырысы

25-27 қараша аралығында Сеул қ. (Корея) үшжақты КоМоҚа (Корея, Моңғолия, Қазақстан) почта комитетінің шеңберінде кезекті кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар почталық Интернет-технологиялардың жағдайын қарастырып, ақпараттық технология стратегияларын жаңартуды талқылады.

Аталған іс-шараға бақылаушылар ретінде Қырғызстан мен Өзбекстан қатысып, жақын арада 2007 жылы үш ел – Корея, Моңғолия, Қазақстан бастамасымен құрылған осы комитеттің мүшелеріне айналмақшы. Почта комитетіне жаңа мүшелер енген соң, енді бес ел арасында келісім жасалсақшы.

Осы кездесу шеңберінде Чеджу аралында 25-26 қарашада әрбір Почта әкімшілігі өз баяндамасын ұсынған конференция өтті.

Кездесуге қатысушылар Корея почтасының өндірістік объектілеріне барып, бос уақытын ежелгі корей елінің мәдениеті мен ұлттық тағамдарымен танысумен өткізді.