«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



25.12.2008

2008 жылдың 25 желтоқсанында «Қазпочта» АҚ Қазақстан аумағында почта айналымына «Мерейтойлық әрі естелік күндер» сериясындағы стандартты почта маркаларын енгізді.

«Мерейтойлық әрі естелік күндер» сериясындағы почта маркасы музыкатанушы, қазақ музыкасын зерттеуші Петр Аравиннің 100 жылдығына арналған.

Маркаларды естелік өшіру рәсіміне Композиторлар одағының төрағасы

Б. Қадырбек және «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Н. Абдымомынов қатысты.

Маркалар таралымы 3 000 000 дана, маркалар екі түсті баспада офсетті тәсілмен «Издательство «Белорусский Дом печати» (Беларусь Республикасы) республикалық унитарлық кәсіпорнында басылып шықты. Суретшісі Данияр Мұхамеджанов.

Сондай-ақ Тараз қаласында 25 желтоқсанда «Қазақстан қалаларының елтаңбалары» сериясындағы «Тараз қаласының елтаңбасы», ал 26 желтоқсанда Атырау қаласында «Атырау қаласы елтаңбасы» атты стандартты маркаларды өшіру рәсімі өтті.