«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



20.01.2009

2009 жылдың 20 қаңтарында «Қазпочта» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында почта айналымына Қазақстан Республикасының Екінші ұлттық халық санағына арналған маркаланған конверт енгізді.

«Kazpost» логотипі бар конвертте Екінші ұлттық халық санағының эмблемасы мен типоргафиялық түрде басылған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік символикасы» сериясының «Елтаңба» атты стандартты почта маркасы бейнеленген. Конверттің номиналы 20 грамды жай хатты жер үсті көлігі арқылы Қазақстан Республикасы аумағында жөнелтуге жұмсалатын тарифке тең.

Конверт «Арман» (Қазақстан) өндірістік кооперативінде төрт түсті офсетті тәсілмен басып шығарылды. Өлшемі 220 х 110 мм, таралымы 1 000 000 (бір миллион) дана. Конвертті «Қазпочта» АҚ барлық бөлімшелерінде сатып алуға болады.