| 23.03.2010
Туған тілдің тұғыры
Қызылорда қаласында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалуын яғни осы заңның 21 бабында жазылған бланкілер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде жүргізілуі тексеру мақсатында «Тіл үздіктері» атты облыстық байқау өткізілді.
Осы байқауға денсаулық сақтау, құқық қорғау, білім, халыққа қызмет көрсету, «Қазпочта» АҚ филиал ұжымы мен кәсіпкерлік субъектілері қатысты. «Тіл үздіктері» облыстық байқауы 7 номинация бойынша өткізілді, олар «Үздік емхана», «Үздік балабақша», «Үздік кәсіпкерлік нысан», «Үздік учаскелік полиция пункті», «Үздік халыққа қызмет көрсету орталығы», «Үздік қоғамдық көлік», «Үздік почта байланыс бөлімшесі».
«Қазпочта» АҚ облыстық филиалға қалалық почта байланыс бөлімшелері қатысты. Осы бөлімшелерде тілдің қолданылу деңгейі сарапталды. Сараптау кезінде бөлімшелерінің құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі, тұрғыдарға қызмет көрсету барысында құжаттардың мемлекеттік тілде ресімделуі, қызметкерлердің мемлекеттік тілді білуі, мемлкеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында атқарған жұмыстары, мөрлер мен мөртаңбалардың, ішкі, сыртқы көрнекі ақпараттарының тілдер туралы заңнамаларға сәйкес жазылуына мән берілді. Облыстық ұйымдастыру комитетінің мүшелігіне облыстық филиал директорының орынбасары Ә.Әбдімомынов енгізілді.
Жыл басы- Наурыз мерекесі қарсаңында «Тіл үздіктері» облыстық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді. «Үздік почта байланыс бөлімшесі» болып №14 қалалық почта байланыс бөлімшесі анықталды. Салтанатты түрде байланыс бөлімше бастығы Закирова Сумая Адгамовнаға диплом тапсырылып, сыйлыққа түрлі-түстң теледидар ұсынылды.
|