«Қазпочта» Акционерлік Қоғамы



01.04.2010

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!!! 2010 жылдың 13 тамызына дейін «Казпочта» АҚ барлық клиенттері идентификациялық нөмірлерін өткізуі тиіс

Құрметті «Казпочта» АҚ клиенттері!

12 қаңтар 2007 жылғы № 223-III «Идентификациялық нөмірлердің ұлттық реестрлері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес барлық заңды және жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, 2010 жылдың 13 тамызына дейін жеке тұлғалар жеке идентификациялық нөмірді (ЖИН) және заңды тұлғалар бизнес идентификациялық нөмірді (БИН) алу үшін тиісті органдарға баруға міндетті. Сонымен қатар, жеке кәсіпкер болып табылатын жеке тұлғаларға ЖИН беріледі.

«Казпочта» АҚ клиенттері болып саналатын Қоғамда банктік шоттары ашылған жеке және заңды тұлғалар (ағымдағы шот, есеп айырысу, зейнетақы, еңбекақы, «Почталық» және «Береке» депозиттік шоттары, «Талап етуге дейінгі» салым шоттары бар клиенттер) 2010 жылдың 13 тамызына дейін почталық байланыс бөлімшесіне Қоғамның мәліметтер базасын толтыру үшін ЖИН немесе БИН туралы тиісті құжатты ұсынуы керек.

2010 жылдың 13 тамызынан бастап «Казпочта» АҚ мәліметтер базасында егер де клиенттің ЖИН/БИН туралы ақпарат жоқ болған жағдайда, оның төлемдері және аударымдары бойынша барлық операциялар жүргізілмейді.

Толық ақпаратты Сіз әрбір почталық байланыс бөлімшесінен және біздің Call-орталығына келесі телефондар бойынша хабарласу арқылы ала аласыз:

• Алматы қаласында (727) 259-06-05;

• 8 800 080 08 80 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін)