«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Almaty Digital Forum цифрлық экономиканы дамытудағы әйелдердің ролін айғақтады

02 ақпан 2023

news-img

Алматыда ҚР мемлекеттік органдары, жетекші отандық және халықаралық компаниялар, ақпараттық технологиялар саласындағы сарапшылардың қатысуымен Digital Forum ашылды. «Қазпошта» АҚ форум жұмысында өз қызметінде IT-экожүйесін тиімді дамытуға арналған ынтымақтастыққа ашық, компаниялар мен қауымдастықтардың негізгі серіктесі ретінде қатысуда.

Қазақстанда зерттеулер жетекші ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуда әйелдер көшбасшылығы өз әлеуетін белсенді пайдаланатындығын көрсетуде. Бұл ретте Қазақстан және әлем әйелдері алдында цифрландыру қандай мүмкіндіктер ашатыны – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы қолдауымен, «Әйелдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту үшін цифрландыру» тақырыбындағы дөңгелек үстел барысында талқыланды.

«Қазпоштада түрлі мамандықтары бар әрі дүниетанымы әр түрлі әйелдер еңбек етеді, олар қандай да бір табысқа жетуді, өздерінің кәсіби және жеке құзыреттерін дамытуға ұмтылып, сол мақсатқа жетуді көздейді. Гендерлік теңдік – компанияны тұрақты дамыту қағидаттарын жүзеге асырудағы басты мақсаттардың бірі. Осы орайда біз қызметкерлердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға жол ашамыз, сондай-ақ кәсіби өсуге көмектесеміз. Айта кетерлігі аталған бағытта озық ИТ-технологияларды пайдалану әйелдерге қоғамда және жұмыста жаңа мүмкіндіктер ашады, олардың ішкі күшінің артып, өмір сүру салтын жеңілдетеді, сонымен бірге алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін, энергетикалық күшті аз жұмсауға мүмкіндік береді. Осы аталған аспектілердің бәрі отбасындағы әлеуметтік әрі қаржылық жағдайға оң әсер етеді», - дейді "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Гендерлік теңдік пен әйелдер көшбасшылығын одан ары дамыту – өзінің жоғары тиімділігін дәлелдей алған оқиғалар мен фактілер, сондай-ақ ол компания мен мекеме жұмысындағы жаңа әдіс-тәсілдер болып табылады. Осы орайда, цифрлық экономикада әйелдерге жаңа мүмкіндіктер жасау мақсатында, Almaty Digital Forum аясында «Қазпошта» АҚ мен «TechnoWomen» коммерциялық емес мекемесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Қазақстанда қазіргі таңда АКТ секторында әйелдер санының артуы тренд болуда (әйелдер АКТ секторы қызметкерлерінің 43%-ын құрайды). Қазақстандағы IT саласындағы әйелдердің басым көпшілігі жас мамандар (31%) және бұл ретте осы саладағы әйелдердің жалақысы ер адамдардың жалақысымен салыстырғанда орташа есеппен 28%-ға төмен. Бұл технологиялық компаниялар жетекшілері арасында әйелдер саны ерлерге қарағанда 66%-ға төмен болумен байланыстырылып отыр», - деді TechnoWomen коммерциялық емес мекемесінің президенті Әзиза Шөжеева. «Әйелдердің цифрлық экономикада қатысуын ынталандыру – қарқынды экономикалық өсімге әрі әл-ауқаттың артуына жол ашады. Ал жалпы жаһандық кеңістікте гендерлік теңсіздікке қатысты әлі көптеген мәселе бар және ол көп жағдайда STEM мансабы (ғылым, технология, инженерия және математика) саласына қатысты болып тұр».

Ынтымақтастықтың негізгі құрамдас бөліктері – цифрлық экономика мен электрондық коммерцияны дамыту және нығайту, білім беру бағдарламалары мен әлеуметтік жобаларды іске асыру, заңнамалық бастамаларды әзірлеу және ілгерілету.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.