«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Ауылдық пошта бөлімшелері тауар сатуды қайта бастайды

21 қыркүйек 2022

news-img

Биылғы маусым айынан бастап ауылдық жерлердегі пошта бөлімшелерінде әлеуметтік маңызы бар тауарларды (жарма, макарон өнімдері), халық тұтынатын тауарларды (жуу құралдары, тұрмыстық химия) сату қызметі іске қосылды. Осылайша Қазпошта ауыл тұрғындары үшін қаладағы сауда желілері мен базарлар қолжетімсіз болғандықтан, әлеуметтік-маңызды қызмет көрсетеді. Тауарлардың бағасы нарық бағасынан төмен.

Қазпоштаның ағымдағы инфрақұрылымы бұл бағытты дамытуға оңтайлы. Компанияның қарамағында 2 750 бөлімше бар болса, оның 70%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Тәжірибе көрсеткендей, жергілікті жерлердегі халық біздің жұмысымыздың осындай форматын және жақын жердегі пошта бөлімшелерінде қажетті тауарларды сатып алу мүмкіндігін құптайды.

Пошта бөлімшелерінде темекі және алкоголь өнімдері сатылмайды. Сондай-ақ компания ХТТ-ны сатуды жоспарламайтынын атап өту керек. Тауарларды сату «Қазпошта» АҚ-да жаңашылдық емес. 2010 жылға дейін компания тауарларды сатумен айналысқан.

Мұндай тәжірибені әлем бойынша байқауға болады. АҚШ, Швеция, Канада және басқа да бірқатар елдерде пошта желісі арқылы тауар саудасы жүзеге асырылып, дамуда. Мәселен, Ресей поштасы бұл бағытты бұрыннан дамытып келеді және өнімдер мен тауарларды сатумен айналысады. 2021 жылдың 1 маусымынан бастап Ресей поштасы дәрі-дәрмектерді қашықтықтан бөлшек бағамен сатуға рұқсат алып, медициналық бұйымдарды дәріханалардан клиенттердің үйіне курьерлер арқылы жедел жеткізіп береді. «Қазпошта» АҚ – Қазақстанның барлық елді мекендерінің тұрғындарына қызметтердің толық спектрін ұсыну жағынан әлеуметтік міндеттемелер жүктейтін жоспарлы-шығынды компания екенін айта кету қажет. Ауылдық бөлімшелерден алынатын кірістер оларды ұстауға арналған шығысты жаппайды.

Сондықтан Қазпоштаның ауылдық бөлімшелерінде тауарларды сату - қосымша табыс көзі, бұл сол немесе басқа бөлімшелердің ауылдар мен кенттердегі ағымдағы қажеттіліктеріне арналған шығыстарды жабуға мүмкіндік береді (көмір сатып алу, косметикалық жөндеу).

Тауарлар тауар өндірушілерден және дистрибьюторлардан консигнация шартында сатып алынады. Айта кету керек, ҚР заңнамасы Қазпоштаның тауар сатумен айналысуына тыйым салмайды.

Кейбір телеграмм-каналдарда жазылған қаржылық нәтижелер туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша шығын 7,1 млрд теңге. 2022 жылдың 1-жартыжылдығында шығын 4,6 млрд теңге, жоспарлы шығын 7,8 млрд теңге.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2022. Барлық құқықтар сақталған.