«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазпошта жаңа курьерлік өнімдерді қолданысқа енгізді

01 қыркүйек 2021

news-img

«Қазпошта» АҚ клиенттерге өңдеудің әр кезеңінде жүйелі бақылау орната отырып, жаңа курьерлік өнімдерді ұсынады. Қазақстанның Ұлттық пошта операторы соңғы жыл ішінде қызмет сапасын жетілдіруге баса назар аударды. Дэшбордтар, процестерді автоматтандыру есебінен пошта жөнелтілімдерін өңдеуге, түсіруге және артуға қажетті уақытты қысқартуға арналған мобильді қосымша, курьерлерге арналған Go Post қосымшасы, сәлемдемелерді паллетизациялау және контейнерлеу іспетті технологиялық құралдар көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үшін қолданысқа енгізілді.

«Біздің компания орташа алғанда күніне 40 мыңнан астам және жылына орта есеппен 15 млн артық пошта жөнелтілімін өңдейді. Әрбір пошта жөнелтілімінің мәртебесін қадағалауға жаңа технологиялық шешімдер көмектеседі. Мысалы, Дэшбордтар бізге онлайн тәртіпте жіберу, жеткізу мерзімдерін және басқа да өндірістік көрсеткіштерді бақылауға мүмкіндік береді. Оның ішінде күтілетін пошта көлемін жоспарлауға. Дэшбордтардың деректері біздің корпоративтік клиенттерімізге көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау үшін де ұсынылады. Сонымен қатар, біздің @KazPostBot Telegram-ботына жазылған клиенттеріміз пошталық жөнелтілімді жеткізуге беру туралы, оны сәтті тапсыру немесе клиенттің үйінде болмауына байланысты жеткізілмегені туралы хабарлама алады",-деп атап өтті «Қазпошта» АҚ пошта сервисі жөніндегі басқарушы директоры Әлия Сүгірбаева.

Сонымен қатар, Қазпошта «Go post express», «Go Post standard», «Go post city», «Go post Home» сияқты EMS қызметтерінің жаңа оңтайлы пакеттерін әзірледі. Оның аясында сәлемдемені алған кезде курьерге қолма-қол ақшасыз төлеу мүмкіндігі қарастырылған.

"Go post express" облыс орталықтары арасында және одан төмен жерлерге салмағы 30 кг дейінгі EMS пакеттері мен сәлемдемелерді әуе көлігімен жеткізуді қарастырады. «Go Post standard» аясында ҚР облыс орталықтарына дейін және одан төмен жерлерге салмағы 30 кг дейінгі EMS пакеттері мен сәлемдемелерді жер үсті көлігімен жеткізіледі. "Go post city" қала ішінде EMS пакеттері мен сәлемдемелерді жеткізуге бағытталған. "Go Post Home" бойынша супермаркеттерден сәлемдемелерді үйге немесе кеңсеге дейін жеткізу ұсынылады.

Бүгінгі таңда "GoPost Home" қызметі облыстық маңызы бар барлық қалаларда жүзеге асырылады және сәлемдемелер супермаркеттерінде қолжетімді. Жеткізу құны 1000 тг құрайды, бір мекенжайға 5 сәлемдемеге дейін жеткізуге болады. Бұл жағдайда тек бірінші сәлемдемені жеткізу бағасы 1000 теңгені құраса, ал кейінгі сәлемдемелерді жеткізу құны 200 теңгеден болады. Бір жеткізілімнің салмағы 14 кг-нан аспау керек.

Қызмет @KazPostBot Telegram-бот арқылы іске асырылады. Сәлемдеме алушы оған жазылса, пошта жөнелтілімі келген кезде @KazPostBot Telegram-боты арқылы хабарландыру жіберіледі. Егер клиент жеткізуге тапсырысты күндізгі сағат 16-00-ге дейін растаса, сәлемдеме сол күні үйге дейін жеткізіледі. Алдағы уақытта "GoPost Home" қызметі 1499 байланыс орталығы арқылы қолжетімді болады.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Жарнамалық хабарлама

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2021. Барлық құқықтар сақталған.