«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Тегін жеткізу: Қазпошта картасымен «Астықжан» интернет-дүкенінде төлем жасаңыз

25 мамыр 2021

news-img

Ұлттық пошта операторы «Астықжан» супермаркетімен бірлесе Нұр-Сұлтан қаласында «Қазпошта» АҚ төлем карталарын қолданушылар үшін тиімді акцияны жариялады. 2021 жылдың 25 мамырынан бастап 31 желтоқсанына дейін Қазпоштаның кез келген төлем картасымен «Астықжан» интернет-дүкенінде төлем жасап, кэшбэкке және тегін жеткізуге ие болыңыз. Егер Қазпоштаның картасы болмаса, онда виртуалды картаны Post.kz сайтында https://post.kz/bank/new және мобильді қосымшасында жылдам ашуға болады.

Тегін жеткізу ие болу үшін «KAZPOST» промокодын интернет-дүкендегі тапсырыстың ақысын төлеу кезінде енгізу қажет. Бұл промокод 2021 жылдың 25 мамырынан бастап 22 тамызға дейін 90 күн бойы қолдануға жарамды. Одан кейін жаңа промокод қолданысқа енгізіледі.

Қазпоштаның әлеуметтік картасымен онлайн төлем жасалса, онда 2021 жылдың 19 қыркүйегіне дейін 5% кэшбэк алуға мүмкіндік бар. Картаға түскен кэшбэк тек бонус ретінде ғана қолдалмайды. Оны ақшалай шешіп алуға болады.

Әлеуметтік картаға тапсырыс беру өте оңай. Оны шығаруға рost.kz арқылы онлайн өтінім жолдау қажет немесе «Қазпошта» АҚ кез келген бөлімшесіне жүгінуге болады.
Әлеуметтік картаны Cash-in қызметі бар банкоматтарда, төлем терминалдарында, post.kz сайтында және мобильді қосымшасында, пошта бөлімшелерінде толықтыру мүмкіндігі қарастырылған.

Әлеуметтік картаны бірінші жыл қолдансаңыз, қызмет көрсету тегін болмақ. Одан кейінгі жылдары зейнеткерлер мен жеңілдік санатына кіретін адамдарға қызмет көрсету құны бар-жоғы 300 теңге, «Стандарт» пакеті бойынша 800 теңге, балалар картасы 500 теңгені құрайды.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Жарнамалық хабарлама

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2021. Барлық құқықтар сақталған.