12 мамыр 2022
Сіз электронды әмияндарды қолданасыз ба?
Олардың көмегімен ақшаны жіберу және алу, тауарлар мен қызметке ақы төлеу және қолма-қол ақшаны да, банктік шотты да пайдаланбау ыңғайлы. Алайда, электронды әмиянның барлық мүмкіндігін пайдалану үшін сәйкестендіруден өту керек. Бұл үрдіс клиенттер туралы ақпараттың дұрыстығын анықтау және растау үшін керек.
⠀ Сізге Қазақстан бойынша Қазпошта бөлімшелерінде Qiwi және ЮMoney әмиянын сәйкестендіруден өткізуді ұсынамыз. Бұл қалай іске асады?
Сіз Қазпоштаның кез келген бөлімшесіне жеке басыңызды куәландыратын құжаттың түпнұсқасымен барасыз.
Оператор өтінімді толтырады.
Компания клиентті сәйкестендіруді жүргізеді.
Сіз әмиянды қолма-қол ақшамен толықтыруға, ақшаны шектеусіз төлеуге және аударуға мүмкіндік аласыз.
⠀ Qiwi-әмиян сәйкестендіруден өту құны – 600 теңге, ЮMoney – 2500 теңге.
Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2022. Барлық құқықтар сақталған.