«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазпошта қызметкерлерімен 294 млн теңгенің ұрланғаны туралы БАҚ-та жария болған ақпарат шындыққа жанаспайды

29 шілде 2022

news-img

«Қазпошта» АҚ компания шотынан ақша ұрлануға қатысты БАҚ-та жария болған ақпаратқа қатысты келесіні хабарлайды.

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты «Қазпошта» АҚ-нан аса ірі мөлшерде ақша жымқырды деп танылған Б., Ж., Д. және Л. есімді азаматтарды 6 жылдан 6,6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл интернет-қылмысы 2020 жылы жасалған. Осы алаяқтықтың салдарынан компанияға жалпы сомасы 294 миллион теңгеден астам залал келтірілді, оның ішінде «Қазпошта» АҚ қызметкерлерінің қабылдаған шаралары арқасында қолды болған қаражаттың бір бөлігі – 72,3 млн теңге серіктестікке қайтарылды.

Осы ақпарат арқылы сотталғандардың Қазпошта қызметкерлері болып табылмайтынын және ешқашан болмағанын атап өткіміз келеді. Қазпошта – бұл қылмыстық істер бойынша жәбірленуші тарап.

Материалдық шығын сомасын өндіріп алу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу аясында шешіліп жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша, «Қазпошта» АҚ киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді қорғауды күшейту бойынша тиісті шаралар қабылдады.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Жарнамалық хабарлама

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2022. Барлық құқықтар сақталған.