«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазпошта қазақстандық интернет-дүкендердің тауарларын Өзбекстанға жеткізуде

14 шілде 2021

news-img

Ұлттық пошта операторы тауарлардың алғашқы шоғырландырылған легін Өзбекстанға жеткізді. Қазпошта бұл жұмыстарды жолға қойып, күнделікті түрде жүзеге асыруды діттеп отыр. Оның арқасында отандық ритейлерлер өздерінің өткізу нарығын кеңейтіп, көрші мемлекетке тауар жеткізуге жол ашылады.

Жаңа пошта-логистикалық шешім биылғы жылдың сәуір айында Қазақстан мен Өзбекстан пошта қызметтерінің басшылары қол қойған шоғырландырылған халықаралық пошта жөнелтілімдерімен алмасу туралы екіжақты келісім негізінде қолға алынды.

«Бүгінде Қазпошта халықаралық әріптестік бағытында келісімдерге қол жеткізуге баса назар аударып отыр. Бұл өз кезегінде шекаралық сауданы және е-commerce дамытатын қазақстандық кәсіпкерлерге жеткізу нарығын кеңейтуге септігін тигізеді. Қызметтің жаңа түрі тауарларды еліміздің аумағынан тыс жерлерге жеткізуде бизнес-қауымдастықтың уақытын үнемдеуге, қаржылық және басқа шығындарды қысқартуға жол ашады. Бұл бағытта біз көрші мемлекеттердегі әріптестерімізбен жергілікті бизнестің тауарларын шетелдік сатып алушыларға жеткізудің тиімді шарттарын қалыптастыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатырмыз", - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев.

Өткен жылы Қазақстаннан Өзбекстанға 23 мыңға жуық сәлемдеме, хат және EMS жөнелтілімдер жеткізілген. Ал көрші мемлекеттен елімізге жол тартқан пошта алмасу көлемі 15 мыңнан артқан. Сонымен бірге біздің еліміз арқылы Қытайдан Өзбекстанға 300 мың кг жуық халықаралық пошта жөнелтілімдері жеткізілген. Биылғы жылдың 5 айы ішінде Қазақстаннан Өзбекстанға 10 мың халықаралық пошта жөнелтілімі жеткізілді.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Жарнамалық хабарлама

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2021. Барлық құқықтар сақталған.