«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазпошта мен Amazon Web Services цифрлық трансформация бойынша ынтымақтастық орнатты

17 қараша 2023

news-img

«Қазпошта» АҚ бұлтты есептеу саласындағы әлемдік көшбасшы – «Amazon Web Services»-пен ынтымақтастық туралы хабарлайды.

«Amazon Web Services»-пен іскерлік ынтымақтастық – бұл операцияларды оңтайландыру және қызметтер спектрін кеңейту бағытында бірегей мүмкіндіктер ұсынатын, «Қазпошта» АҚ-ның цифрлық трансформациясының негізгі кезеңі болмақ.

«Қазпошта» АҚ өз қызметінде «Amazon Web Services»-тің озық технологияларын пайдаланып, инновациялық АТ-шешімдерді енгізе алады, бизнес-процестерді автоматтандырып, «Қазпошта» АҚ-ның жаңа өнімдері мен қызметтерінің нарыққа шығу уақытын қысқарта алады.

Екіжақты ынтымақтастықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құпиялылықтың жоғары деңгейі, «Қазпошта» АҚ клиенттерінің деректерін қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Осы талаптардың барлығын Amazon Web Services мамандандырылған құралдары қамтамасыз ете алады.

«Бұлтқа негізделген жаһандық өнімдердің ауқымды жиынтығын ұсынатын үздік әлемдік компаниямен бірлескен жұмыс - біздің компания қызметін барынша жылдамдатып, ақпараттық технологиялар шығындарын оңтайландырады. «Amazon Web Services» ресурстарының арқасында «Қазпошта» АҚ әрдайым озық технологиялық прогресте болады және біз қызмет көрсету сапасы мен оның жылдамдығы бойынша жоғары деңгейге көтеріле аламыз», - деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Сонымен қатар, бизнес ынтымақтастық қазақстандық поштаға жүйелердің жоғары өнімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге, өзгерістерге тиімді бейімделуге және өз жұмысында жаһандық сапа стандарттарын енгізуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, осы жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Amazon» корпорациясының вице-президенті Сьюзан Пойнтермен кездесуі барысында, бұлтты технологияларды дамытудағы өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланған еді.

Сол кезде ҚР Президенті: «елімізде цифрлық саланы одан әрі дамыту үшін, өз санатындағы үздік инфрақұрылымдық шешімдер қажет болатынын», - атап өткен еді. Осындай жоғары деңгейдегі кездесу «Amazon»-ның қазақстандық компаниялармен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін айғақтайды.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.