«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазпошта мен Еуразиялық банк ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

09 наурыз 2023

news-img

«Қазпошта» және «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамдары Қазпошта мен Еуразиялық банктің банкоматтарынан қолма-қол ақша алу бойынша өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандумға қол қойды. Ынтымақтастық қаржылық қызметтердің сапасын жақсартуға, ыңғайлылыққа және екі компанияның клиенттері үшін уақытты үнемдеуге бағытталған.

«Қазпоштада бүкіл Қазақстан бойынша 500-ден астам банкомат бар, оның ішінде аудандық орталықтардағы бөлімшелерде. Еуразиялық банктің банкоматтар желісі біздің клиенттеріміз үшін сапалы қаржы қызметін алу мүмкіндігін кеңейтеді. Еуразиялық банк пен Қазпошта бұған дейін де жедел төлемдер жүйесі (ЖМЖ) бойынша ынтымақтастық орнатқан. Біз клиенттерімізге төлем карталарын пайдалануда қолайлы жағдайлар болуы үшін қаржы институттарымен серіктестікке ашық екенімізді айтқым келеді», - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

«Еуразиялық банктің бүкіл Қазақстан бойынша 500-ге жуық банкоматы бар, ал 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін, біз cash-in функциясы бар банкоматтар паркін ауқымды жаңартуды және кеңейтуді жүргізбекпіз. Бизнеске клиенттерге ыңғайлы болу үшін, өзара іс-қимыл және өзара тиімді серіктестік тетіктерін бекіту маңызды деп ойлаймын. Қазпошта банкоматтар желісі, үлкен қалалар мен облыс орталықтарында ғана емес, шалғай өңірлерде де Еуразиялық банк карталарын ұстаушыларға, қолма-қол ақша алу географиясын кеңейтеді және керісінше, Қазпошта карталарын ұстаушылар Еуразиялық банктің қазіргі заманғы банкоматтар желісінде қолма-қол ақшаны кедергісіз алуға мүмкіндік береді», - дейді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.