«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазпошта мен Mastercard Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз экономиканы бірлесіп дамытатын болады

02 ақпан 2023

news-img

Бүгін Digital Forum Almaty форумы аясында "Қазпошта" АҚ ұлттық пошта байланыс операторы мен Mastercard халықаралық төлем жүйесі арасында стратегиялық әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды. Тараптар Қазақстандағы қолма-қол ақшасыз экономика және финтех-экожүйелерді ынталандыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.

Құжатта әлеуметтік жобалар үшін төлем шешімдерін әзірлеу және нарыққа шығару, электрондық коммерцияны дамыту, шағын және орта бизнесті цифрландыру, сондай-ақ Қазақстанда жылдам, үздіксіз және қауіпсіз цифрлық тәжірибені қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс көзделеді. Меморандумға "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова мен Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка қол қойды.

"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова: "Біздің Mastercard-пен өзара іс-қимылымыз бірнеше жыл бұрын басталып, жыл өткен сайын ауқымды сипатқа ие болуда. Қарым-қатынасымыздың жаңа кезеңіне қуаныштымыз және ынтымақтастығымыздың әлеуетін жоғары бағалаймыз. Қазпошта дамуының ағымдағы векторы ең озық өнімдер мен сервис стандарттарын инновациялауға және енгізуге бағытталған. Masterсard сияқты жаһандық ойыншымен ынтымақтастық халықтың кең тобына қаржылық қызметтерге қол жетімділікті қамтамасыз етуге, ең озық технологиялар мен құралдарды енгізуге мүмкіндік береді".

Орталық Азиядағы Mastercard бас директоры Рафал Трэпка: “Қазпошта маңызды рөл атқаратын қаржылық технологиялар мен қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытпай, цифрлық экономиканы қалыптастыру мүмкін емес екеніне сенімдіміз. Бүкіл әлем сияқты, біз Қазақстанда да цифрлық экономиканың дамуын одан әрі ынталандыратын озық инновацияларды енгізіп жатырмыз. Қазпоштамен бірлесіп жұмыс істеу көптеген қазақстандыққа инновациялық қаржылық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ал біздің сараптама мен халықаралық тәжірибеміз әлеуметтік аспектілерді дамытуға, ШОБ-ты цифрландыруға және электрондық коммерцияға қосымша серпін беруге мүмкіндік береді".

Серіктестіктің маңызды бөлігі инновациялық технологияларды дамыту саласындағы бірлескен іс-шаралар, тәжірибе алмасу, "Қазпошта" АҚ қаржы технологияларының экожүйесін дамытуды қолдау, сондай-ақ басқа да жобалар болады.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.