«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазпошта және Samsung Electronics ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

13 қазан 2021

news-img

Бүгін Қазпошта мен Samsung Electronics ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар цифрландыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.

Қол жеткізілген келісімдер негізінде Ұлттық пошта операторы серіктестен мобильді құрылғыларды сатып алады. Бұл девайстарға сұрыптау орталықтарында тиеу және түсіру кезеңдерінде пошта жөнелтілімдерінің штрих-кодтарын сканерлеу үшін Қазпоштаның өндірістік объектілерінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған бағдарламалар орнатылады. Цифрлық өнімдер пошта жөнелтілімдерін өңдеу жұмыстарын жылдамдату және оның барысында орын алуы ықтимал қателіктерге жол бермеу үшін қолданысқа енгізіліп отыр.

«Бүгінде Қазпоштаның тиімділігін арттыруға, ағымдағы өндірістік процестерді және сервис сапасын жетілдіруге басымдық беріледі. Бұл бағытта біз нақты және мақсатты жұмыс жүргіздік. Өзіміздің ақпараттық бағдарламаларымыздың көмегімен еңбекті көп қажет ететін технологиялық процестерді оңтайландырдық және автоматтандырдық. Бұл жаңашылдықтардың қолданылу тиімділігіне құрылғылардың өнімділігі үлкен әсерін тигізеді. Қызметкерлер жылдам түрде еңбек етуі үшін ешбір ақаусыз және және жоғары шапшаңдықта жұмыс істейтін электронды құрылғылар қажет. Бұл бағытта біз Samsung Electronics компаниясымен іскерлік қарым-қатынасты нығайттық", - деп атап өтті "Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Серік Саудабаев.

«Қазпошта» АҚ пошта-логистика саласында өз ресурстарын белсенді түрде кеңейтіп, транзиттік ағындарды ұлғайту үшін жаңа көлік дәліздерін дамытуда және өндірістік процестерді оңтайландыруда. Компания Даму стратегиясына сәйкес сервистерді жетілдіруге және қызметті трансформациялауға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырады. Олардың бірі – отандық және шетелдік компаниялармен әріптестікті нығайту.

«Біз "Қазпошта" АҚ – мен ынтымақтастыққа қуаныштымыз және серіктестерімізге олардың қызметінде пайда әкеле алатын жаңа мобильді мүмкіндіктерді жасау үшін біздің шешімдерімізді одан әрі дамытатын боламыз", - деді Samsung Electronics Central Eurasia Президенті Санг Юн Ким.

Қазпошта қолға алған жаңашылдықтар пошта-логистикалық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған. Осы жылы компания контейнерлік тасымалдар мен жүктерді паллетизациялауды енгізді. Бұл пошта жөнелтілімдерінің деформациялану ықтималдығын азайтады және контейнердегі жөнелтілімдерге қолжетімділікті шектейді.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Жарнамалық хабарлама

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2021. Барлық құқықтар сақталған.