03 ақпан 2023
Almaty Digital Forum аясында Қазпошта мен Яндекс Доставка қаладағы жеткізу сапасын жақсарту мақсатында ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыруда. Digital Almaty конференциясында Қазпошта тұтынушылар сервисін жақсарту саласына инвестиция тарту жоспарларымен бөлісті. Жоба негізінде – Яндекс технологияларын енгізу қарастырылған: бөлімшелерден сәлемдемелерді тұтынушының есігіне дейін ыңғайлы уақытта жеткізу жұмысын іске қосу, курьерлер үшін маршруттарды автоматты түрде жоспарлау және нақты уақытта жеткізу сапасын бақылау.
Қазпошта барлық өз курьерлері үшін маршруттарды құру процесін автоматтандыруды жоспарлап отыр. Оның негізінде маршруттарды мекенжай бойынша топтастыру және кептеліс туралы мәліметтерді ескере отырып, оларды айналып өтудің оңтайлы ретін, қажетті жеткізу уақытын таңдау және өзге де жүздеген параметрлер қарастырылған. Жаңа тәсіл курьерлер мен көлік ресурстарын тиімді пайдалануға және тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Жеткізу процесін трансформациялаудан бөлек, Қазпошта жеткізу сапасын бақылау жүйесін енгізуді көздеп отыр. Бұл ретте ашықтық ақпараттың әр түрлі сипатта «оқылуын», маршруттардың ауытқу, кешігу себептерін тез арада сараптауға және мұндай олқылықтардың алдын алуға жол ашады.
Маршруттарды оңтайландыру және оларды бақылау үшін, компания Яндекс Маршрутизация шешімдерін пайдаланатын болады. Өз тұтынушыларының жайлылығы үшін, Қазпошта сондай-ақ супермаркеттерден сәлемдемелерді алушының есігіне дейін таңдалған уақытта жеткізу қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Жоба серіктесі – Яндекс Доставка.
«Біз үшін, Қазпошта қызметтері қазіргі таңда үнемі жұмыстан қолы босамайтын, онлайн сатып алулар жасайтын, түрлі қызметтерді қосымшаларда бір тетікпен басу арқылы алатын адамдарға қолайлы ету маңызды болып табылады. Яндекс ұсынған технологиялық шешімдер бізге кей процесстерді тез арада автоматтандыруға, мысалы, жүктемесі көп қалаларда курьерлер үшін маршруттарды құруға және тұтынушыларға біздің жаңа қызметтерді ұсынуға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова.
Пилотты жобалардан кейін, шешімдер Алматы және Астана қалаларында іске қосылады, сонымен қатар ол өзге де қалаларда кеңейтіледі деп күтіліп отыр.
Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.