«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазпошта интернет алаяқтарының жалған ақпарат таратуға белсене кіріскенін ескертеді

15 қыркүйек 2022

news-img

Құрметті клиент!

«Қазпошта» АҚ-ның 140 жылдығына орай ұтыс туралы тақырыптағы бейтаныс мекенжайлардан келген хабарламалардың сілтемелері бойынша кірмеулеріңізді сұраймыз. Алаяқтар қалай әрекет етеді

Алаяқтар «Қазпошта» АҚ-ның нақты сайтына ұқсас сайттың электрондық мекенжайын тіркейді. Мысалы, https://post.kz/ нақты мекенжайдың орнына http://rearstaple.top/KAZPOST мекенжайын қолданады да, сыйлық алу үшін осы сілтеме арқылы өтуге шақырады. Мұндай сайттар фишингтік болып саналады, яғни алаяқтар өз пайдасы үшін жасайды.

Алаяқтар адамдарды фишингтік сайттарға тек электрондық пошта арқылы ғана емес, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы да таратады. Сізге танысыңыздан сілтемеге өтуге шақыратын хабарлама келуі мүмкін. Бірақ оның аккаунты бұзылуы ықтимал.

«Қазпошта» АҚ-ның ресми сайты: https://post.kz/

Алаяқтардың айла-амалдарына алданып қалмаудың жолы

Әрқашан хат келген мекенжайды мұқият тексеріңіз. Егер ол кем дегенде бір символмен «Қазпошта» АҚ-ның әдеттегі мекенжайынан ерекшеленетін болса, мұндай хатты мүлде ашуға болмайды. Егер мекенжай сізге бейтаныс болса және сіз жаңа адресаттардан хабарлама күтпеген болсаңыз, онда оны ойланбастан жоя аласыз.

Сайтқа өту кезінде нені тексеру керек

Мекенжай. «Қазпошта» АҚ-ның мекенжайын бетбелгілерде сақтаған дұрыс. Мекенжайды қолмен теруге болады, бірақ мұқият болу керек – кейде тіпті бір таңбадағы қате сізді фишингтік ұқсас сайтқа алып келуі мүмкін.

Әрқашан браузердің мекенжай жолын тексеріңіз. Кейде фишингтік сайтқа сізге таныс порталдың бір бетінен екіншісіне ауысқан кезде де кіріп кетуіңіз мүмкін. Қосылу қауіпсіздігі. Егер сіз жеке ақпаратты немесе карта деректерін енгізгіңіз келсе, сондай-ақ сайт арқылы сатып алатын болсаңыз, онда оның мекенжайы алдында https және жабық құлып белгішесі болуы керек. S әрпі және жабық құлып қосылыстың қауіпсіз екенін білдіреді: сайтқа деректерді енгізген кезде олар автоматты түрде шифрланады әрі оларды ала алмайды.

Қорғалған қосылыс — міндетті талап, бірақ жеткіліксіз. Хакерлер мұндай сайтқа қосыла алмайды және сіздің деректеріңізді біле алмайды. Бірақ бұл сайттың өзі заңға бағынатын компанияның құрғанына кепіл болмайды. Соңғы кездері алаяқтар өз сайттары үшін қауіпсіздік сертификаттарын ала алатын айла тапқан. Дизайн. Егер сіз мекенжайда тіпті бір әріптің өзінен жаңылыссаңыз да, ал алаяқтар қорғалған қосылысты жасап қойса да, сайттың нашар дизайны сіздің көзіңізге бірден түсуі тиіс.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2022. Барлық құқықтар сақталған.