24 мамыр 2023
Қазпошта Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен өңірде қызметті қолдау және кеңейту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжат өңірдегі өндірістік нысандарды дамытуға әрі сақтауға, пошта байланысының стационарлық бөлімшелері жоқ ауылдық елдімекендерде ғимарат ұсыну мүмкіндігін жасауға бағытталған.
Тараптар кәсіпкерлік қызметті, оның ішінде электрондық коммерция саласын танымал етуге бағытталған жобаларды бірлесіп қолға алуды; жазбаша хат-хабарлар мен мерзімді басылымдарды шалғайдағы ауылдық елдімекендерге жеткізуді көздеп отыр.
«Келісім Қазпошта өндірістік желісінің сапалы және үздіксіз жұмыс істеуі үшін, Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Облыстық әкімдік бізге зейнетақы және жәрдемақы беру жұмысын ұйымдастыруға, аудандық және ауылдық әкімдіктердің ғимараттарында мерзімді басылымдарға жазылу науқанын жүргізуге көмектеседі. Клиенттер көп болған кезде, Қазпошта қызметкерлерінің қауіпсіздігін сақтау мақсатында жергілікті полиция бөлімдері тартылатын болады. Біз халыққа Қазпошта қызметтері бұрынғыдан да қолжетімді болуы үшін, жаңа қызмет көрсету орындарын ашу жолдарын қарастырып жатырмыз", - деп атап өтті «Қазпошта» АҚ желі, логистика және сатып алуды басқару жөніндегі басқарушы директоры Ержан Қазанбаев.
Меморандум аясында Қазпошта электрондық коммерция саласындағы жобаларды қолдау, сондай-ақ электрондық коммерцияны өтеусіз негізде оқыту үшін, білім беру жобаларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Одан бөлек, ұлттық пошта операторы жергілікті халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру мақсатында облыс әкімдігімен бірлескен іс-шаралар өткізеді.
Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.