08 қыркүйек 2023
Сырттан сарапшыларды тарта отырып, ашық диалог форматында өткен "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында "Самұрық-Қазына" АҚ және "Қазпошта" АҚ топ-менеджерлері ұлттық пошта операторының негізгі бизнес-көрсеткіштері мен жетістіктерін таныстырды.
Қаржы көрсеткіштері бөлігінде 2023 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ 1 млрд теңге мөлшерінде таза табыс алды. Бұл көрсеткішке пошта және қаржы қызметтері, есеп айырысу-кассалық операциялар, сондай-ақ қолданыстағы шығыстарды оңтайландыру шаралары есебінен кірістердің өсуі нәтижесінде қол жеткізілді.
Сонымен қатар пошта байланысының екі жүз ауылдық бөлімшелерінде қолжетімді мемлекеттік қызметтердің тізбесі кеңейтілуде: АХАЖ желісі бойынша қызметтер (неке туралы, туу туралы қайталама куәліктер және т.б.); жәрдемақылар мен зейнетақылардың барлық түрлері; ауылдан көшіп келген мамандар үшін көтерме жәрдемақы; коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, көмір сатып алуға тұрғын үй көмегін тағайындау және т.б.
"Қазпошта" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі тең-басқарушы директоры Мират Утепов өз сөзінде:
«Қазпошта"-ның үлкен әлеуметтік жүктемесі бар, еліміздің барлық шалғай өңірлерін өз қызметтерімен қамтамасыз етеді. Компания қызмет көрсетілетін пошта жөнелтілімдерінің көлемін және соның салдарынан кірістерді көтеруде, сонымен қатар тарифтік саясатты қайта қарау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Біз бұл процестің ұзақ уақытын алатынын түсінеміз. Акционер тарапынан жедел қолдау шараларының бірі топтың қазынашылық операцияларының бір бөлігін пошта операторының шоттарына аудару болып табылады. Бұл шара Қазпоштаға қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, ал Қорға топішілік синергияны одан әрі дамытуға мүмкіндік береді», - деді.
"Қазпошта" АҚ Басқарма төрағасы Әсел Жанасова өз сөзінде:
«Қазпошта қаржылық жағынан да, пошта қызметтерін көрсету сапасын жақсарту жағынан да белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бүгінде барлық «Есіктен есікке» курьерлік жөнелтімдердің 90%-ы 36 сағат ішінде жеткізіліп отыр, өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда бұл көрсеткіш өсіп келуде. Жол бойындағы барлық пошта жөнелтілімдерінің жай-күйін бақылау үшін онлайн мониторинг жүйесі енгізілді. Сонымен қатар Қазпошта дәстүрлі түрде электрондық коммерция мен цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөледі», – деді.
Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз
Байланыс-орталығы
Сізге арналған қызметтер
Бизнеске арналған қызметтер
post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.
© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.