«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

Қазпошта трансшекаралық электрондық коммерцияны дамытуда

18 мамыр 2023

news-img

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-на мемлекеттік сапары аясында 17-19 мамырда қазақстандық және қытайлық компания өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті.

Іскерлік ынтымақтастық форматында «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова құрылыс және электрондық коммерция тауарларын тасымалдау саласында жұмыс істейтін бірқатар ҚХР компанияларымен келіссөздер жүргізді. Оның қорытындысы бойынша Қазпошта және CITIC Construction Co., Ltd арасында меморандумға қол қойылды. Келісімнің басты мақсаты – коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысы саласына халықаралық инвестиция тарту.

Одан бөлек, трансшекаралық электрондық коммерцияны дамыту және жетекші маркетплейстермен өзара іс-қимыл жасау мақсатында Қазпошта UBI Smart Parcel (Shenzhen) Limited компаниясымен меморандумға қол қойды. Айта кетерлігі, компания логистика саласында 30 жылдан астам жұмыс жасайды және eBay, Alibaba, JD, PDD, WiSH, Amazon сияқты ірі интернет-алаңдарымен бірлесіп жұмыс істейді. UBI-мен ынтымақтастық қазақстандықтар үшін Қытайдың ірі электрондық коммерция алаңдарын қолжетімді ете алады.

«Электрондық коммерция бүкіл әлемде қарқынды түрде дамып келе жатыр. Бұл жаһандық тренд онлайн сату және сатып алу танымал болып келе жатқан Қазақстанға да тікелей қатысты болып отыр. Логистиканың заманауи орталықтарын ашу, халықаралық электрондық сауданы дамыту – бұл экономикалық өсім үшін маңызды бағыттардың бірі болып табылады және қазақстандықтар үшін халықаралық нарыққа қолжеткізудің таптырмас мүмкіндігі. Қазпошта мүмкіндіктер мен клиенттер таңдауын кеңейту бағытында жұмыс жасап жатыр және Қытайдың ірі маркетплейстеріне қолжетімділікті қамтамасыз етуге дайын. Бұған қоса біз қазақстандық тұтынушылар үшін жеткізу мерзімін айтарлықтай қысқартуды көздеп отырмыз», - деді «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Естеріңізге сала кетейік, клиенттерге ыңғайлы болу және қазақстандықтарға әлемдік маркетплейстерді қолжетімді ету үшін Қазпошта логистикалық қызметтерді, фулфилмент, цифрлық сервистерді дамытуда. Сондай-ақ компания тауарларды буып-түю, сақтау, төлем жасау және жеткізуге дейінгі электрондық коммерция қызметтерінің толық кешенінің провайдері болып табылады.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2023. Барлық құқықтар сақталған.