«ҰЛТТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ПОЧТАЛЫҚ ЖЕЛІ» «Қазпочта» АҚ

Отделения

Біз туралыЖаңалықтарКорпоративтік басқаруӘлеуметтік жауапкершілікДиректорлар кеңесіCатып алуларҚызметтер

«Қазпошта» АҚ шабуылға ұшыраған филиалдардың жұмысын қалпына келтіруде

11 қаңтар 2022

news-img

Бүгінгі таңда «Қазпошта» АҚ-ның барлық филиалдарының жұмысы қалпына келтірілді. Олар штаттық режимде кесте бойынша сағат 09:00-ден бастап 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Тек Алматы қаласындағы пошта бөлімшелері уақытша жабық. Жамбыл және Алматы облыстарындағы бөлімшелер сағат 09.00-ден бастап 15.00-ге дейін және сәйкесінше 10.00-ден бастап 15.00-ге дейін қысқартылған режимде жұмыс істейді.

Пошта бөлімшелері 2022 жылғы 10 қаңтардан бастап интернет байланысы жұмыс істеп тұрған уақытында Қазақстан Республикасы бойынша зейнетақыларды және жәрдемақыларды беруді жүзеге асыра бастады. «Қазпошта» АҚ клиенттері ақшалай қаражаттарын бөлімшелерден де, банкоматтардан да шеше алады. Банкоматтарды толтыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, компания пошта жөнелтілімдерін қабылдауды және өңдеуді қалпына келтірді, сондай-ақ төтенше жағдайдың (ТЖ) күшінде болуы кезеңінде сәлемдемелерді сақтауға төлемді алуды тоқтатты, яғни ТЖ кезінде пошта жөнелтілімдерін тегін сақтау қызметін көрсетеді. Сонымен бірге «Қазпошта» АҚ клиенттердің назарына басқа маңызды факторлармен қатар Алматы қаласы әуежайы рейстерінің жиілігі халықаралық, ішкі, EMS жөнелтілімдерін жеткізу мерзімдеріне әсер ететінін жеткізеді. Бұл Алматы әуежайында бұрынғы ұшу жиілігі қалпына келгенге дейін сәлемдемелер мен хаттарды жеткізу мерзімдері бойынша кешігулер болуы мүмкін дегенді білдіреді.

Тәртіпсіздіктер кезінде «Қазпошта» АҚ-ның бірнеше бөлімшесіне шабуыл жасалып, қиратылды. Атап айтқанда: Қызылорда қаласындағы № 5, Алматы қаласындағы № 18, 19, 31, 46, 36, 2, Тараз қаласындағы № 4, 16 бөлімшелер. Кейбірінде пошта жөнелтілімдері ұрланған, төлем терминалдары мен жабдықтары бұзылған. Егжей-тегжейлі шығын тиісті аймақтағы жағдай тұрақталғаннан кейін нақтыланады.

«Қазпошта» АҚ-да ТЖ режимі кезінде компанияның орталық аппараты мен өңірлік бөлімшелері басшыларынан қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша штаб құрылғанын атап өткен жөн.

Сізге мақала ұнай ма? Досыңызға сілтеме жіберіңіз

Post.kz жобалары:

Саяхат

Онлайн жазылым

Құрылыс сайттары

Жарнамалық хабарлама

Байланыс-орталығы

Бағдарламаны жүктеу

nAppStore-ға енгізуGoogle Play-да қолжетімді@KazPostBot төлеңіз

Жемқорлыққа қарсы Жедел Желі

Біз әлеуметтік желілердеміз

post.kz сайтында сіз Қазақстанның кез келген қаласының индексін және Алматы, Астана, Павлодар, Атырау, Орал, Шымкент, Семей, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Екібастұз, Рудный, Көкшетау, Теміртау, Петропавл, Өскемен атты қазақстандық қалалардың пошта индекстерін біле аласыз. Басқа қалалардың, аудандардың, қала үлгісіндегі кенттердің және ауылдардың индекстерін де www.post.kz. сайтынан таба аласыз. Қазпоштаның пошта индексі – хат-хабарламалар мен жіберілімдерді сұрыптауды жеңілдету, сонымен қатар автоматты түрде сұрыптау мақсатында пошта мекенжайына қосылатын әріптер немесе цифрлар реттілігі. Оны Қазақстан Республикасының ұлттық пошта операторы - «Қазпошта» АҚ береді. Сіз іздеу жолына елді-мекеннің (мысалы, қала, аудан, қала үлгісіндегі кент немесе ауыл) атауын енгізе отырып, Қазақстандағы кез келген ғимараттың индексін таба аласыз. Индексті іздеу – қолайлы сервис. Post.kz-те индексті іздеңіз.

logo

© АО «Казпочта», 2022. Барлық құқықтар сақталған.